Тырнатәрізділер отрядына жататын Ақбас тырнаны (Anthropoides virgo) ұлттық парктің далалы аймақтарынан кездестіруге болады. Басқа тырналар тұқымдасына қарағанда ерекшелігі - тырналардың ішіндегі ең кішісі. Шекесінде айдар тәрізді ұзын ақ қауырсындары бар. Қанатын жайғандағы ұзындығы 1,6-1,8 м, салмағы 2-3кг. Басы, мойнының асты мен омырауы қара, ал басқа қауырсындарының түсі көкшіл сұр болады. Ұяларын жерді аздап шұңқырлап, оған құрғақ шөп төсеп салады. Мекиені мен қоразы 1-2 жұмыртқаны 28-30 күндей кезектесіп басады.
Ақбас тырна – жыл құсы. Қыркүйек - қазан айларында жылы жаққа ұшып кетеді. Өсімдік дәнімен, бүршігімен және ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Ақбас тырна Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Ғылыми қызметкер А.Д. Шәріпқанова,
📷 Р.Қабсаметов.