«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми қызметкерлері «Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ-нің, Абай атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ-нің, «Абылай хан атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ-нің, «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ-нің 6-9 сынып оқушыларына «Биоалунтүрлілікті сақтау» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты – жас буынға табиғаттағы тірі ағзалардың (өсімдіктер, жануарлар, микроағзалар) алуан түрлілігінің маңызын түсіндіру және оны сақтаудың жолдарын көрсету.
Дәріс барысында ғылыми қызметкерлер мектеп оқушыларына биоалуантүрлілікті сақтау, биоалуантүрлілікке қауіп төндіретін факторлармен таныстырып, Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Қазақстанның қызыл кітабына енген сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің түрлерімен таныстырып, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау жолдарының маңыздылығын түсіндіріп, биоалуантүрлілікті сақтау туралы оқушылардың пікірлерін тыңдады.
Қатысқан оқушылар саны - 78 аға ғылыми қызметкер А.Шәріпқанова













