Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Әр айдың аяғында «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман шеберлеріне мекеме заңгері және әдеп жөніндегі уәкілі Н.Дүйсекеновтың төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу»тақырыптарына жиналыс өтіп, ең басты мәселе Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күнгі күрделі мәселесі екендігі әр мемлекеттік инспекторға жеткізіледі.

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалатыны айтылды.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін мекемеміздің қызметкерлері құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Мекеме қызметкерлері өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.     

Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылатынын ескертті.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

Кадр жөніндегі инспектор - Керимтаева Диана

06.04.23 6 06.04.23 6


Әдеп кодексі - Әдептілік негізі...

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және  жануарлар дүниесі Комитетінің «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Токымтаев Алибек Токтаубекович  2020 жылдың 10 қыркүйегінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінен № 27-5-39/904И  келіп түскен хатымен таныстырып өтті, яғни Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 342 бұйрығымен бекітілген  Азаматтық қызметшілердің қызмет әдебі кодексі мен таныстырды. Яғни  қызметшiлер жұмыс уақытынан бөлек, бос уақытында да Әдеп кодексiн ұстануға мiндеттi. Оның iшiнде қызметкердiң сыпайы, адал, сабырлы, салмақты, ұқыпты болуы және кез келген ортада өзiн iскерлiк стильге сай ресми түрде ұстауы мiндеттелген. Сондай-ақ, қызметкер елiмiздегi тiлдерге, салт-дәстүрлерге сыйластықпен қарап, әдiл де заңды шешiмдер қабылдауы, жалған ақпарат таратпауы, сын айтқаны үшiн бiреудi қудаламауы және мемлекет меншiгiн тек қызмет бабында пайдалануы қажет. Қол астындағыларды кемсiтпеуi және қызметкерлердiң барлығына құрметпен қарауы тиiс. Мұнан бөлек қызметкер жемқорлық фактiсiне қатысты, тiптi, есiмiнiң аталуына жол бермеуi керек.

06.04.23 6

Қызметкерлердің моральдық бет-бейнесi мен этикасына айрықша көңiл бөлiнуiнiң себебi – оның iскерлiгiн ғана емес, айналасындағыларға деген құрмет пен iзетiн де жетiлдiру қажет. Себебi, қызметкерлердің бiлiмi мен бiлiктiлiгiне және жүрiс-тұрысына қарай қазiргi қоғамда  халықтың атқарушы билiк жайлы көзқарасы мен оған деген сенiмi қалыптасатыны да белгiлi екенін айтып өтті.

Жиналыс қортындысында мекеменің бөлім басшылары өздерінің қол астындағы қызметкерлеріне Азаматтық қызметшілерді Әдеп кодексімен таныстырып  жұмыс барысында мүлтіксіз орындалуы талап етілді.

Іс жүргізуші - Керимтаева Диана Бейсенбековна


Мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі-сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес…Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға жиырма жеті жылдай  уақыт өтті.

Өткенімізге көз  салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол - Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мекеме қызметкерлеріне және жаңадан қабылданған қызметкерлерге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл» туралы заңымен таныстырылып, сыбайлас жемқорлық көріністері үшін бірінші басшының және басшы орынбасарларына қатаң жауапкершілігі қаралатынын ескертіледі.

КЕРИМТАЕВА ДИАНА

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің


Наше государство, как и многие другие страны мира, ведет целенаправленную работу по предупреждению и предотвращению коррупции. Казахстан – одно из первых государств СНГ, принявших антикоррупционное законодательство и присоединившихся к международным конвенциям по данному вопросу.
В настоящее время Закон направлен на защиту прав и свобод граждан, обеспечение национальной безопасности Республики Казахстан от угроз, вытекающих из проявлений коррупции, обеспечение эффективной деятельности государственных органов, должностных и других лиц, выполняющих государственные функции, а также лиц, приравненных к ним, путем предупреждения, выявления, пресечения и раскрытия правонарушений, связанных с коррупцией, устранения их последствий и привлечения виновных к ответственности, определяет основные принципы борьбы с коррупцией, устанавливает виды правонарушений, связанных с коррупцией, а также условия наступления ответственности.

В Республиканском государственном учреждении «Государственный национальный природный парк «Тарбагатай»  сотрудников учреждения а так же вновь принятых на работу  ознакомливают с Законом «О противодействии коррупции» и предупреждают, что за проявления коррупции рассматривается дисциплинарная  ответственность первого руководителя и заместителей руководителя.

05.04.23 10 05.04.23 10 05.04.23 10 05.04.23 10

Бос жұмыс орындарына хабарлама

Хабарлама

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-сіне төмендегі лауазымда мамандар қажет:

  • Директордың орынбасары (жұмыс өтілі міндетті);
  • Директордың ғылым жөніндегі орынбасары (жұмыс өтілі міндетті);
  • бухгалтер (жұмыс өтілі міндетті);

Аталған лауазымдарға жоғарғы білім мен біліктілікке сай мамандар қажет.

Жоғарыдағы лауазымдардың атқаратын міндеттері, қызметке қабылдау құжаттары бойынша сұрақтармен мекеменің кадр жөніндегі инспекторына 8 722 30 3 20 98 нөмеріне хабарласуға болады.

ТАӘ

Жұмыс орыны

Ескертпе

1.      

Қанатбаев Д.Т.

«Тарбағатай» МҰТП» РММ директорының орынбасары

 

2.      

Керимтаева Д.Б.

Үйлестіру кеңесінің төрайымы, «Алихан» ЖК иесі.

 

3.      

Бейсенбек З.Н.

Маслихат депутаты, Уақыт тынысы газеті редакциясының редакторы, үйлестіру кеңесінің алқа мүшесі.

 

4.      

Туганов С.

Үржар аудандық музейінің директоры, үйлестіру кеңесінің алқа мүшесі.

 

5.      

Бейсенова Ж.Б.

ЭАРТ бөлім басшысының м.а.

 

6.      

Нургалиев Е.Ж.

Үржар аудандық Ішкі істер бөлімінің Табиғат қорғау полициясының майоры, үйлестіру кеңесінің алқа мүшесі.

 

7.      

Көбенова А.Т.

Экологниялық ағарту инженері, үйлестіру кеңесінің хатшысы.

 

8.      

Жекенов М.Е.

Үржар аудандық әкімдігінің маманы, үйлестіру кеңесінің алқа мүшесі.

 

Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімі.

БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫМЕН ЖҰМЫС

БАҚ-пен ынтымақтастық аясында экологиялық ағарту және туризм бөлімі журналистерге "Тарбағатай " мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ-нің қызметі туралы, ЕҚТА аумағында болып жатқан табиғи үрдістер туралы, өтіп жатқан экологиялық акциялар ("Парктер шеруі"), конкурстар туралы ақпарат береді; қызметкерлердің сұхбаттарын және журналистердің ұлттық парк аумағына шығуын ұйымдастырады.

ЖАРНАМАЛЫҚ-БАСПА ҚЫЗМЕТІ

Жарнама-баспа өнімдері– халықтың ұлттық паркке деген оң көзқарасын қалыптастырудың маңызды құралы. Ұлттық парк туралы ақпаратты таратуға жарнамалық және ақпараттық баннерлер, буклеттер, брошюралар, плакаттар, күнтізбелер, магниттер, парақшалар және т. б. ықпал етеді.

КИНО ЖӘНЕ БЕЙНЕӨНІМДЕР ЖАСАУ

Ұлттық саябақ туралы деректі таспалар ерекше қорғалатын табиғаттың сұлулығын, байлығы мен алуан түрлілігін көрсетуге мүмкіндік береді. Фильмдер балалармен тақырыптық сабақтар өткізу кезінде жиі қолданылады.

ЭКСПОЗИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

Жалпы білім беретін мектептерде, облыстық және қалалық кітапханаларда, ауруханаларда және т. б. орналастырылатын ерекше қорғалатын табиғаттың сұлулығы мен байлығын көрсететін жылжымалы көрмелер (фотокөрмелер, балалар суреттерінің және т. б. көрмелері) тұрақты жұмыс істейді.

ЭКОТУРИСТІК ҚЫЗМЕТ

Экотуризмді дамыту-адамға онымен үйлесімділікке қол жеткізу үшін табиғатқа экологиялық жауапты көзқараспен саяхат жасау. Экотуризм рекреация түрі ретінде табиғи игіліктерді ұтымды пайдалануға негізделген және табиғатты сақтауға ықпал етеді. Сондай-ақ, экотруризм қызметінде экотропаларды жайластыру қарастырылған, ол табиғат және оның әртүрлілігі туралы ой-өрісін кеңейту, оны қорғауға ықпал ету мүмкіндігімен табиғи жағдайда белсенді демалысты біріктіруге мүмкіндік береді.

ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

Саябақтардың экологиялық-ағартушылық жұмыстарының аса тиімді түрі экологиялық экскурсиялар болып табылады. Келушілерге ерекше қорғалатын табиғат әлемімен тікелей танысуға және оның маңыздылығын түсінуге мүмкіндік беріледі. Саябақтар аумағына бару қатаң регламенттеледі, бұл ретте келушілер үшін күзетілетін аумақтарда Арнайы тәртіп ережелері белгіленеді.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МЕРЕКЕЛЕР МЕН АКЦИЯЛАР

Дәстүрлі түрде "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ "Саябақтар шеруі", "Құстарды қыста тамақтандырыңыз", "Жер күні"сияқты халықаралық акцияларға белсене қатысады. Осындай іс-шаралар тек қалаларда ғана емес, сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының шалғай аудандарында да адамдардың назарын аударудың тиімді құралы болып табылады.

МҰҒАЛІМДЕР КОРПУСЫМЕН ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ

"Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі " РММ – нің биология және география мұғалімдерімен бірлесіп, саябаққа жақын орналасқан мектептер - (Қаратұма, Көкөзек, Қаратал, Қарабұта, Келдемұрат, астық совхозы, Мақаншы, Науалы ауылдары). Мұғалімдердің қатысуымен оқыту семинарлары өткізіледі. Мұғалімдерге қосымша әдістемелік, ғылыми-көпшілік әдебиеттер мен бейнематериалдар ("Тарбағатай" ұлттық паркі туралы слайд-фильмдер) беріледі.

"Тарбағатай" ұлттық паркі " РММ акциялар мен іс-шараларды (конкурстар, лекториялар, интерактивті сабақтар және т.б.) өткізу барысында алынған фото және бейнематериалдарды мекеме сайтында, әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін пайдалану құқығын өзіне қалдырады.

06.04.23 5

06.04.23 4

06.04.23 3

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серикович

Директор РГУ «ГНПП «Тарбагатай»

Layer 5851

Государственные символы Казахстана:

Герб, Флаг, Гимн

Национальный парк "Тарбагатай". Оплата за сан.очистку

screenshot 106

Национальный парк "Тарбагатай". Предоставление стоянки для транспорта

screenshot 95