Бүгін «Парктер шеруі - 2022»  халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында  Халықаралық  құстар күніне орай өткізілген «Құстарға қамқор болайық!» атты байқаудың нәтижесін бағалау жоспар бойынша өтті.

Алқа мүшелері байқауға атсалысқан оқушылардың еңбектерімен танысып, бағалап, нәтижесінде байқаудың жүлдегерлерін белгіледі:
1️⃣   орын – «С.Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ оқушысы Дәулетхан Ернұр.
2️⃣    орын – «Бауыржан Момышұлы орта мектеп» КММ оқушысы Кенжехан Еділ.
3️⃣    орын – «Б.Тұрлыханов атындағы орта мектеп бақшасы» КММ оқушысы Ағыбай Еркежан.

1 сәуір экологиялық мерекелердің бірі – құстар күні. Бұл күн 1906 жылдан, құстарды қорғау туралы Халықаралық конвенция жарияланғаннан бері аталып келеді. Табиғаттың қысқы ұйқыдан оянғанынан белгі беретін, көктем хабаршысы Құстар Күні мерекесіне орай Ұлттық парк қызметкерлері мектеп оқушыларына танымдық сабақ өткізді. Ұлттық парк қызметкерлері сабақ барысында оқушыларға құстардың түрлерін көрсетіп, мектеп ауласында құс ұяларын орналастырды.

Сабақ соңында оқушыларды құстар мекенін ауыстырған кезінде құстардың барлық түрлерін қорғауға  және сақтауға шақырдық! 

Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімі.

Наурыз айының 30-күні Үржар ауданының ауылдық округтерінде «Парктер шеруі-2022» Халықаралық табиғатты қорғау акциясының байқаулары және іс-шаралары жөнінде Пиар-жарнама жұмыстары жүргізілді.

Мақсатымыз — жергілікті тұрғындарды аталмыш акцияға жұмылған жұдырықтай атсалысуға үндеу.

Бүгін Ұлттық парк қызметкерлері «Парктер шеруі-2022» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында «Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің қызмет алушыларына «Ұлттық парктің көрікті жерлері» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында қызмет алушыларға Ұлттық парктің көрікті жерлері бейне материал арқылы көрсетілді. Ашық сабақ соңында қызмет алушылар өздеріне таратылған табиғатта тыйым салынатын белгілерді бояп, аталмыш белгілер туралы ақпарат алды.

«Парктер шеруі-2022» халықаралық табиғатты қорғау акциясын өткізу туралы ереже

Қатысуға өтінім нысаны м.о.2022

Жыл сайын наурыз-мамыр айларында бүкіл әлемде ұлттық табиғи парктерді, қорықтар мен басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қолдау және сақтау идеясының айналасындағы адамдарды біріктіруге арналған халықаралық қоғамдық акция – «Парктер шеруі» табиғатты қорғау акциясы өткізіледі.

Аталмыш акция және оған қатысты іс-шаралар Үржар ауданында наурыз айының 28 мен  маусым айының 1 аралығында короновирустық инфекция үрдісін ескере отырып, эпидемиологиялық жағдайға байланысты өткізіледі.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95