ТУРИСТІК СОҚПАҚТЫҢ

ПАСПОРТЫ.

  1. 1ЕҚТА атауы: «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
  2. Маршруттың атауы: № 3 туристік маршрут – «Әлет».
  3. Маршруттың жіктемесі.

1) қозғалыс жасау түрі бойынша: аралас (автокөлікпен, жаяу).

2) қолданыс уақыты бойынша: маусымдық

  3) ұйымдастыру нысаны бойынша: топтық және жеке.

  1. Негізгі географиялық пунктер атауы: Үржар ауылы, Қазымбет ауылы,(қарау алаңы, шаңғы базасы), «Семейханов» омартасы, Шлагбаум, «Ережеп» сайы, «Солдат саңлағы» , «Аю» сайы, «Әлет» ботаникалық бағы.
  2. Ұзақтығы 94 км, оның ішінде: автокөлікпен жүріп өту-92 км, жаяу-2 км, аялдамаларды есепке алғанда, ұзақтығы 6, 25 сағат.
  3. Маршруттың жұмыс істеу мерзімі. Маусым айының ортасынан қазан айына дейін.
  4. Топтағы адамдардың ең жоғары саны: 10 – 15 адам. Бір аптаға 1-ден 2 топқа дейін.
  5. Экскурсия маусымының ішіндегі әр түрлі кезеңдер бойынша жол берілетін рекреациялық жүктемелер: Маусымдық қолданыс кезінде өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесіне кедергі келтірмей, айына 20-50 адамнан жыл ішінде 200 адамға дейін жүріп өтуге жол беріледі.
  6. Маршрут арқылы экскурция ұйымдастырушысынсыз жүріп өту мүмкіндігі: Соқпақпен жүріп өтудің барлық ережелері мен шарттары міндетті түрде сақталатын жағдайда жүріп өтуге рұқсат беріледі. Көктем айларында, жауынды кездерде, белсенді кене энцефалиті кезінде және ауа-райын ескере отырып өрт қауіпсіздігі маусымы кезінде бұл маршрутпен жүруге уақытша тыйым салынуы мүмкін.

Керекті құрал – жабдықтар: Жылы киім, таулы аймаққа арналған аяқ киім, бас киім міндетті. Құралдардан:таяқ алу, арқан, бәкі секілді т.б. заттар алып жүру ұсынылады.

  1. Маршрутта жүріп – тұрудың ережелері.
  • Маршрутпен жүру кезінде аң аулауға, балық ұстауға, ұяларды, індерді, құмырсқа илеулерін бұзуға;
  • өз бетінше белгілер қоюға, жазулар жазуға;
  • Арнайы рұқсатсыз соқпақтар бойынан табиғи әдемі тастар, археологиялық табындылар және т.б заттар алып кетуге;
  • Автотұрақ ұйымдастыруға, шатырлы үйлер тігуге, арнайы орыннан басқа жерлерге от жағуға, өзендер мен көлдерге шомылуға;
  • Өз бетінше әдемі және дәрілік шөптер жинауға тыйым салынады.
  • қар көшкіні, тұманды, нөсер жаңбырлы кездерде соқпақпен жүруге тиым салынады.
  1. Қауіпсіздік шаралары: Маршрутта қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет.
  • жүргіншілердің ара қашықтығы 1,5 – 2 метрден кем болмауы:
  • алдыңғы кетіп бара жатқан адамды итермеу:
  • тік жардың қабағына тұрмау:
  • тау өзендерін арнайы белгіленбеген немесе өткелі жоқ жерлерден кесіп өтпеу;
  1. 12Соқпақпен жүріп-өту жоспары.

Маршрут учаскелері

Ұзақтығы

км

Қозғалыс

уақыты, мин

Аялдау уақыты, мин

Тамашалау алаңдары, суретке түсіру алаңдары

Бастап

Дейін

1

Үржар ауылы

Қазымбет ауылы

30

50

20

-

2

Қазымбет ауылы

«Семейханов» омартасы

4

20

30

1

3

«Семейханов» омартасы

Шлагбаум

1

15

30

1

4

Шлагбаум

«Ережеп» сайы

2

15

10

1

5

«Ережеп» сайы

«Солдат» саңлағы

1

15

30

1

6

«Солдат» саңлағы

«Аю» сайы

1

15

30

1

7

«Аю» сайы

«Әлет» ботаникалық бағы

55

75

30

1

 

Барлығы:

 

94

225 мин

(3 сағ, 25мин)

180 мин

(3 сағ)

6

 

  1. Маршрут сызбасы қосымшада тігіледі.

Соқпақтың сызбасы баспаханадан жабытырылып шығарылған, карта сызбасы 1:200000 кем емес болуы тиіс.

  1. Соқпақ бойының шартты белгілері (маршрута):

шатыр қоятын орын

аншлагтар

жол сілтеуіш

ақпараттық қалқандар

кордон

көру алаңқайлары

шақырымдық діңгектер

қалқалар

автөкөліктік және жаяу жүргіншілерге арналған көпірлер

жалаушалар

БӨТ

  1. Маршруттың қысқаша сипаттамасы.
  2. Үржар ауданынан 30 км жерде «Қазымбет» шыңы (кішігірім жартастар) орналасқан, шаңғы базасы үшін қолайлы.
  3. Қазымбеттен 4 км жерде «Семейханов» омартасы орналасқан. Ионшасы бар, жанында өзені ағып жатқан көркем жерді демалыс орыны ретінде пайдалануға болады.
  4. «Семейханов» омартасының жанынан шлагбаум орнату жоспарлануда.
  5. Шлагбаумнан 2 км жерде жергілікті тұрғынның құрметіне берілген «Ережеп» сайы орналасқан. Ол өмір бойы туған өлкесінің игілігі үшін жұмыс істеді және аймақтың әр бұрышын өте жақсы біледі адам. «Ережеп» саңылауынан 1 км жерде «Солдат» сайы орналасқан. Атаман Аненков кезінде партизан отряды жасырынған тарихи орын. Осы жерден 1 км жерде «Аюлы» сай орналасқан бұл жерде аюлар көптеп мекендейді, аюларды арнайы көру құралдары арқылы көруге болады.
  6. Маршруттың соңы - "Алет" ботаникалық қаумалымен бітеді. Бұл – алманың әр түрі өсетін бақ. Табиғаты сұлу, аюлардың сүйікті орыны.

16.Көріп-тамашалау алаңдарынан маршрут бойындағы көрінетін объектілердің қысқаша сипаттамасы.

Дала өзендері мен арықтар, жер астынан шыққан және қайта сіңіп жатқан бұлақтар, сарқырамалар, кеуіп кеткен арналар кездеседі. Табиғи үрдістерге байланысты эрозиялық өзгерістер байқалады. Бұл жерде флораның әр алуандығы көрініп тұр. Олар: бұталар, аласа талдар, т.б. Жердің барлық аумағы бойынша суырдың қазылған індері көп. Жануарлардан: суыр, қоян, түлкі, арқар, аю, елік, ал құстардан: шіл, көк құтан, үйрек, бүркіт, және т.б. кездестіруге болады.

  1. Соқпақтың (маршруттың) күрделі учаскілерінің қысқаша сипаттамасы.

Көлбеулігі 35 градустан асатын беткейлермен жүргенде, тік еңістер мен тік биіктікке көтерілу кезінде, соқпақтың қаптал және қорымды тұстарында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет. Әсіресе, салт атпен жүру кезінде ерден мықтап ұстап отыру керек. Өйткені, суыр індеріне аттың аяғы кіріп кетуі мүмкін. Маршрут бойымен жүру кезінде ағыны қатты тау өзендері кездеседі. Олардан өту кезінде тек қана арнайы белгіленген өткелдер мен көпірлер арқылы өту керек екендігі қатаң ескертіледі.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95