2024 жылдың 26 наурызында бастау алған Республикалық маңызы бар «Парктер шеруі – 2024» халықаралық табиғатты қорғау акциясы   31 мамыр күні аяқталды. Бүгінгі жабылу салтанатына жалпы саны 150 адам қатысты.

Жалпы қорытынды есеп бойынша мектеп аралық командалардың арасынан байқауға белсене қатысып, «Парктер шеруі – 2024» халықаралық табиғатты қорғау акциясының кубогын   Үржар ауылына қарасты «Абай  орта мектебі» КММ-сі иеленді. Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі Үржар аудандық тарихи-өлкетану музейінде өткізілді. Аталмыш акцияға үлес қосқандар Үржар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталса, жеңімпаздар ұлттық парк директоры А.Серкебаевтың мадақамасымен марапатталып, түрлі сыйлықтар иеленді.

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры орынбасарының м.а. Н.Дүйсекенов Бүкілқазақстандық акцияға қатысушылардың бір кісідей атсалыссқандарына рахмет айтып, болашақта жеңімпаздар бұдан да үлкен жетістікке жетіп, жыл сайын белсене қатысатындарына сенім артып, алғыс білдірді. Қатысушылар өз ризашылықтарын білдіріп, келер жылы өтетін «Парктер шеруі» акциясында жеңімпаз атанып, биіктерден көрінетіндіктеріне сенімді.

Жыл сайын өткізіліп келе жатқан «Парктер шеруі» халықаралық табиғатты қорғау акциясы жас ұрпақ буынды табиғатты сүюге, аялауға, көз қарашығындай сақтауға, экологиялық мәселерге оң көзқараспен қарап табиғат тазалығын сақтауға ықпал ететініне сеніміміз мол!

Экологиялық ағарту инженері Ә.Көбенова.

28-мамыр күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімі мен Үржар аудандық «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде қатысушылардың әзірлеген құс ұяшықтарын ағаштардың бастарына орнатты.

          Біздің халық ежелден-ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншіліктерін шексіз дәріптеп, ең жақсы көретін адамды құсқа, сұлуын аққуға, батырын қыранға, әншісін бұлбұлға теңеп, халық аңыздарында қанатты достарымызды айлалы, ақылды етіп көрсеткен.

Бейбітшіліктің, бастандық пен бақыттың жаршысы бола білген қанатты тіршілік иелеріне қамқор болу баршамыздың міндетіміз деп білеміз. «Құстарға қамқоршы болайық!» акциясы келесі көктемде де жалғасын табатынына сеніміміз мол.

          Акцияға қатысушылар саны – 12 адам.


          Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлім басшысының м.а. Дәулет Тоқтасынұлы.

27-мамыр күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері «Абай атындағы орта мектебінің» Жас орманшылар одағының құрамындағы 9-сынып оқушыларын «Парктер шеруі – 2024» экологиялық акциясының жоспарына сәйкес «Қарабас» туристік маршрутына экскурсияға шығарды.

Жас орманшылар экскурсия барысында туристік маршрут бойындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді тамашалап, мағлұмат алды.

Экологиялық ағарту инженері Әсем Көбенова.

22-мамыр Халықаралық биологиялық әтүрлілік күні. Осыған орай, Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімі 23-мамыр күні «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында өткен «Экокәдесый» байқауын қорытындылау мақсатында Үржар тарихи өлкетану музейінде көрме ұйымдастырды.

Комиссия мүшелері көрмеде балалардың өз қолдарымен дайындаған, әрі байқау ережесіне сай келетін қолөнерлерін бағалап, қорытындысын шығарды:

Бас жүлде – «Абай ОМ» КММ 8 «б» сынып оқушысы Қаменер Мансұр;

1 – орын «Жансүгір ОМ» КММ 5 сынып оқушысы Жалелқан Дархан;

2 – орын «Б.Момышұлы ОМ» КММ 9 «в» сынып оқушысы Турлаев Шыңғыс;

3 –  орын «Абылайхан ОМ» КММ 6 «б» сынып оқушысы Абдраимов Назар.

         «Экокәдесый» байқауына қатысушыларға алғыс білдіре отырып, жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтаймыз! Марапаттау рәсімі «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясының жабылу салтанатында өтетінін хабарлаймыз.

ЭАРТ бөлім басшысының м.а. Д.Тоқтасынұлы

Мамыр айының 20-сы күні Үржар аудандық стадионында «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде Туризм бөлімінің ұйымдастыруымен 17-мамыр - «Халықаралық отбасы күніне» орай «Спорт! Табиғат! Денсаулық!» отбасылық спорттық сайысы болып өтті. Спорттық сайысқа Үржар ауылының мектептері бойынша 5 отбасы қатысты.

Бұл сайыстың мақсаты: 

  • оқушылар мен ата-аналарға адам денсаулығына қоршаған ортаның ластануы кері әсер ететінін түсіндіру;
  • жұртшылықтың санасына айналамызды таза ұстау отбасы тәрбиесінен бастау алатынын қалыптастыру;
  • салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.  
  • оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты,  денсаулығы зор,  күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру.

Сайыс барысында әр команда команда ұраны мен атауын айтып, сәлемдесіп, «Экологиялық белгілер» зияткерлік байқауы, «Тату команда», «Жануарлардан пазл құрау», «Қоқысқа жол жоқ!», «Уақытқа су тасу»  сайыстарына түсті.

Конкурс нәтижесінде жүлделі орындар анықталды:

Бас жүлде – «Жүйріктер» командасы Б.Момышұлы ОМБ;

1 орын – «Денсаулық – терең бақыт» командасы Абылайхан ОМБ;

2 орын – «Абай» тобы Абай ОМ;

3 орын – «Болашақ» командасы Тұрлыханов ОМБ;

3 орын – «Жас қыран» І.Жансүгіров ОМ;

Сайысқа түскен командаларға алғыс білдіре отырып, марапаттау рәсімі «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясының жабылу салтанатында өтетіндігі хабарланды.

Рекреация және туризм жөніндегі инженер: Р.Қабсаметов.

18 мамыр - Халықаралық мұражай күні. Осы мерекеге орай, 16-мамыр күні «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде ЭАРТ бөлімінің ұйымдастыруымен Үржар аудандық тарихи өлкетану музейінде мектеп оқушылары арасында «Жас ақындар үнімен, Табиғатты қорғайық бүгіннен!» атты ақындар байқауы өтті.

Байқауға қойылған талап: Ұлттық парк учаскелеріне қарасты: Тарбағатай тауы жайында өлең шығару болатын.

Мақсатымыз: Жас ақындардың сөз байлығын дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру, туған жерінің табиғатына  деген сүйіспеншілігін ояту.

Құрамы 3 адамнан тұратын қазылар алқасы ақындардың өлеңдеріне төрелік етті:

Бас жүлде – Момышұлы ОМ 6 «А»-сынып оқушысы А.Болат;

1 орын – Тасбұлақ ОМ 8-сынып оқушысы А.Серікбек;

2 орын – Тасбұлақ ОМ 8-сынып оқушысы Г.Қуанова;

2 орын – Момышұлы ОМ 6 «В»-сынып оқушысы Д.Ошанова;

3 орын – Тұрлыханов ОМ 6 «А»-сынып оқушысы Е.Алдажар;

3 орын – Тұрлыханов ОМ 6 «А»-сынып оқушысы Ә.Турусбекова;

3 орын – Тұрлыханов ОМ 6 «А»-сынып оқушысы С.Сіламхан.

               Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясының жабылу салтанатында өтеді.

Экскурсия жетекшісі Эльдар Баженов.

10 мамыр күні Үштөбе мастерлік учаскесінің мемлекеттік инспекторлары «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын өткізді. Ұлттық парк территориясында орналасқан Ақтам және Есентай бұлақтарының көзін ашып, маңайына қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді.

Жалпы акцияның мақсаты — табиғатты таза ұстап, келешек ұрпаққа сақтау. Барлық жерлестеріміз бен жастарымызды туған еліміздің тазалығын сақтауға және осындай экологиялық іс-шараларға үнемі қатысуға шақырамыз!

Экскурсия жетекшісі Р.Корпешов.

1 2 3 4 5

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95