Бүгін, 04-ші сәуір күні Ұлттық парк инспекторлары М.Құрманғалиев, Б.Шөшеков, М.Абсалямов өз айналымдарында Қаратұма орта мектебінің оқушыларымен және қызметкерлерімен бірлесіп, «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында алғашқы сенбілік жұмыстарын жүргізді. Сенбілікке қатысушылар саны – 76 адамды құрады.

  Экологиялық сенбіліктің мақсаты - өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру, жастардың туған жерге деген зор махаббатын және өлкеміздің таза, әдемі болуына, гүлденуіне, көркейуіне талпыныстарын арттыруға бет бұруларына ықпал ету.

   Қоршаған ортаны тазарту мақсатындағы осындай сенбілік жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

           Рекреация және туризм жөніндегі инженер Ринат Қабсаметов.

12345

Бүгін, сәуір айының 2-сі күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұйымдастыруымен Үржар ауылының Батырлар аллеясында «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясының ашылу салтанаты өтті.

Іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары Тұрлыбеков Біржан Қадырұлы мен ұлттық парк директоры Серкебаев Айдын Серікұлы акцияға қатысушыларға құттықтау тілектерін айтып өтті. Экологиялық акция шерумен бастау алып, концерттік бағдарламалармен жалғасын тапты.

Акцияға ұлттық парк қызметкерлерімен қоса, Үржар аудандық әкімдігі, Жастар ресурстық орталығы, жас орманшылар одағы, аудан мектептері мен тиісті мекемелер атсалысты. Қатысушылар саны – 320 адам.

Экологиялық ағарту инженері Ә.Көбенова.

         ШҚО, Зайсан ауданында орналасқан «Тарбағатай» (зоологиялық) қаумалының орман шебері Д.Аманғазин мен мемлекеттік инспекторлары Зайсан қаласының «М.Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ-нде «Парктер шеруі - 2024» тақырыбында брифинг өткізді.

         Қысқа мәжіліс барысында мемлекеттік инспекторлар жергілікті әкімшілік мамандарын, мектеп оқушылары мен ұстаздарын, ағымдағы жылдың наурыз айының 26-сы күні ұлттық парк директоры А.Серкебаев бекіткен «Парктер шеруі - 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясының жоспарымен таныстырып, слайд арқылы экологиялық акцияның маңызы мен барысын түсіндіріп өтті.

         Қатысушылар брифингте қозғалған тақырыптарға оң көзқарас танытып, экологиялық акцияға атсалысуға бел буды.

Қатысушылардың жалпы саны – 50 адам.

Экологиялық ағарту инженері Ә.Көбенова.

1 1 1 1

 

Наурыз айының 27-сі күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері Үржар ауданы әкімдігіне барып, аудан әкімінің орынбасары Б.Тұрлыбековпен кездесті. Кездесу барысында, Үржар ауданының тиісті мекемелерінің қатысуларымен, «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясын өткізу талқыланды. Сондай-ақ, «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі директоры Серкебаев Айдын Серікұлымен бекітілген экологиялық акция жоспарының келісім парағына қол қойылды.

Наурыз айының 27-сі күні ұлттық парк қызметкерлері жұртшылықты «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясына бір кісідей атсалысуға шақырып, оларға бүктемелер мен брошюралар таратып, экологиялық акцияның мақсаты мен маңызын түсіндіріп өтті.

02 сәуір - 5 маусым аралығында "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде "Парктер шеруі - 2024" Халықаралық табиғатты қорғау акциясы «Табиғат - біздің анамыз, Біз табиғатқа панамыз!» атты ұранмен өткізілетінін хабарлаймыз!

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95