1. Ұлттық парк немен айналысады?

Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң негiзгi қызметiне:

1) мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерiн, бiрегей және эталондық табиғи учаскелерiн, объектiлерiн, табиғи және тарихи-мәдени мұраны сақтау;

2) мемлекеттiк ұлттық табиғи парк пен оның күзет аймағының күзет режимiн қамтамасыз ету;

3) экологиялық ағартушылық;

4) биологиялық саналуандықты сақтаудың ғылыми әдiстерiн әзiрлеу;

5) Табиғат жылнамасы бойынша экологиялық жүйелер мен жекелеген табиғи объектiлердiң мониторингiн жүргiзу;

6) мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бүлiнген табиғи кешендерiн, объектiлерiн, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қалпына келтiру;

7) мемлекеттiк ұлттық табиғи парк пен оның күзет аймағының аумағын экологиялық-ағартушылық, ғылыми, рекреациялық, туристiк және шектеулi шаруашылық мақсаттарда пайдалануды реттеу жатады.

  1. Ұлттық парк территориясына кіріп демалу үшін не істеуіміз керек? Рұқсат қағазын қалай аламыз?

Сіздер ЕҚТА-ға кіріп демалу үшін рұқсат қағазын ұлттық парктің кеңсесіне келіп ала аласыздар.  

  1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемесі қандай?

ҚР Салық кодексiнің 591-бабында көрсетілген:

  1. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану қажеттігі туындайтын тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын 0,1 АЕК есебінен ерекше қорғалатын табиғи аумақта болған әрбір күн үшін айқындалады.  
  2. Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары белгілейді.
  3. Аумақтарды санитариялық тазарту үшін төленетін ақы мөлшерлемесі қанша?

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесімен бекітілген, Аумақтарды санитариялық тазарту және абаттандыру бойынша қызметтер, жеке тұлғаларға бір адамға бір күнге шаққанда ұсынатын қызметтер үшін тарифтер мөлшері " есебінен 0,16 АЕК құрайды.

  1. Ұлттық парк аумағында демалу үшін төлем ақыны қалай төлеуге болады?

Төлем Каспий қосымшасы, Евразиялық банк, Қазпошта арқылы және Kаspi QR-код пайдалану арқылы төлемдер қабылданады.

  1. Рұқсат қағазын алу үшін қандай құжаттар керек? Рұқсат мерзімі қандай?

ЕҚТА-ға кіруге рұқсат қағазын алу үшін жеке тұлғаның төлқұжаты және өз көліктерімен барған жағдайда автокөліктің техникалық паспорты қажет. Ұялы телефонында Каспий қосымшасы болғаны дұрыс. Рұқсат қағазы бір адамға ең кемінде бір тәуліктік жарамдылықпен беріледі.

  1. Туристік маршруттарда саяхаттау үшін қызметтердің төлем мөлшері қандай?

«ҚР Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 38 бабына сәйкес құрастырылған жеке және заңды тұлғаларға табиғи кешендерді туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалануы кезінде оларға ақылы қызметтер көрсету тарифі  Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі  Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне бекіту үшін жолданған, аталған тарифтер 2020 жылдың 30 желтоқсанында бекітілді.

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі ұсынатын қызметтер үшін тарифтердің мөлшері

Ұсынылатын қызметтер атауы

АЕК

1

2

3

1

Жеке тұлғалар үшін туристік соқпақтар ұсыну, күніне бір адам есебінен

0,16

2

Көлік тұрағын ұсыну, бір орын үшін тәулігіне

0,05

3

Мемлекеттік табиғи-қорық корынын, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектілеріне бару және зерделеу кезінде мынадай қызметтер ұсыну, бір адамға күніне:

1) аудармашы (15 адамнан тұратын туристер тобына);

2) экскурсия жүргізуші,

3) жолсерік-инспектор

0,39

0,19

0,18

4

Шатырлы лагерьлер немесе оларды орналастыру үшін орындар  ұсыну, бір шаршы метрі тәулігіне шаққанда

0,04

5

Туристік құрал-жабдықтар ұсыну:

1) шатыр (3 орынды) бір орын тәулігіне шақканда;

2) жатын қап бір адамға тәулігіне шаққанда

0,22

0,14

6

Мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді (күркелер) ұсыну, бір адамға тәулігіне

0,10

7

Көлік қызметтерін ұсыну, бір сағатка шаққанда, ЖЖМ-сыз:

1)      өту мүмкіндігі жоғары автомобильдер,:

УАЗ (8 орынды);

Нива (4 орынды);

УАЗ Хантер (4 орынды);

2)      ауылшаруашылық көлігі бір сағат жұмысқа шаққанда, ЖЖМ-сыз:

МТЗ-80 (тіркемемен).

ДТ-75 (күрекпен)

Жүк көтергіштігі 3 тоннадан аспайтын жүк көлігінің қызметін ұсыну, бір сағатқа шаққанда ЖЖМ-сыз

Жүк көтергіштігі 1,5 тоннадан аспайтын жүк көлігінің қызметін ұсыну, бір сағатқа шаққанда ЖЖМ-сыз

0,82

0,81

0,81

1,51

1,51

1,66

1,28

8

Салт атты жалға берудің ақылы қызметін ұсыну, 1 атқа 1сағаты

0,6

9

Өзге ұйымдарға пайдалануға берілген аумақтар мен объектілерді санитариялық тазарту мен абаттандыру қызметі, бір шаршы метрі тәулігіне шаққанда

0,02

10

Қонақүйлер ұсыну бір адамға тәулігіне шақанда

0,79

11

Мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілер ұсыну:

1) монша бір адамға бір сағатка шаққанда

2) киіз үй 6-қанатты бір тәулікке ұсыну

3) киіз үй 8- қанатты бір тәулікке үсыну

0,50

4,35

4,48

12

Табиғи және мәдени мұра объектілеріне, табиғат мұражайларына және жанды мүйістерге бару және зерделеу кезінде кино, бейне және фототүсірілімдер, аэротүсірілімдер жүргізу:

1)      кино, аэротүсірілімдер;

2)      бейне, лавстори;

      2) фото

11,42

3

2

 

  1. Ұлттық парктің жер телімін қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жалға алуға болады ма?

Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызмет Қазақстан Республикасының Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңының 46-бабы бойынша жүзеге асырылады.

Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелері туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін бес жылға дейінгі мерзімге қысқа мерзімді пайдалануға және жиырма бес жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді пайдалануға беріледі. Осы учаскелерді беру мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелері туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан жекеше әріптеске де қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді пайдалануға беріледі. 

Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін учаскелер мемлекеттік ұлттық табиғи парктің инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарына сәйкес және қазіргі инфрақұрылымымен де, жаңа инфрақұрылым құру үшін де туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарында ғана беріледі. 

  1. Ағаш кесу және орман билетін беру қызметі қалай жүргізіледі?

Қазіргі кезде «Ағаш кесу және орман билеті» қызметтері электронды түрде "электрондықлицензиялау" www.elicense.kz порталында онлайн жүргізіледі.

  1. Бал өнімін сату бағасы және төлем жүргізілетін жолдары?

Нарықтық бағаға сәйкес 1 кг бал өнімінің бағасы 1800 теңгеге бекітілді. Төлем Евразия банкі арқылы 015 коды «древесина и прочие» деген қызметпен жүргізіледі.

  1. Алма өнімінің сату бағасы және төлем жүргізу жолдары?

 Алма өнімінің бағасы нарықтық бағаға сәйкес 1 кг 350 теңгеден бекітіліп сатылымға шығарылды. Төлем Евразия банкі арқылы 015 коды бойынша «древесина и прочие» деген қызметпен жүргізіледі.

  1. Тарбағатай МҰТП аумағынан жабайы жеміс-жидектерді заңды түрде қалай жинасақ болады?

«Тарбағатай» МҰТП аумағында орманды жанама пайдалану қағидаларына сәйкес «орман билеті» құжаты арқылы жүргізіледі. Орман билеті - Орман кодексіне сәйкес оның иесіне орманды жанама пайдалануға құқық беретін құжат. Онда орман қоры учаскелерін пайдалану орны, мөлшері, мерзімі, оларды жүргізу шарттары мен төлем мөлшері көзделеді. Орман билеті - бір маусымға беріледі.

  1. Қысқы дайындыққа отын алу үшін рұқсат қағазын қайдан алсақ болады?

       «Тарбағатай» МҰТП аумағынан (Шағантоғай, Үржар өзені, Әлет) қыстық отын алуға рұқсат қағазын жергілікті мемлекеттік инспектордан немесе ұлттық парк кеңсесіне келіп ала аласыздар.  Сіздерге табиғи кешендер мен обьектілерді қорғау бөлімінің мамандары қызмет көрсетеді. Ал «Тарбағатай» МҰТП аумағынан тыс жерлерден отын алу үшін жергілікті әкімшілік мамандарына жолығасыздар.

  1. «Тарбағатай» МҰТП аумағында балық аулауға бола ма?

«Тарбағатай» МҰТП аумағында балық аулауға рұқсат етілмейді.

  1. «Тарбағатай» МҰТП аумағына рұқсат қағазсыз кірген жағдайда қандай айыппұл салынады және оны қалай төлеуге болады?

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекс 380-бап. Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлерiнде болу тәртiбiн бұзуы

Жеке тұлғалардың мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттiк табиғи резерваттардың, мемлекеттiк табиғи парктердің аумақтарына арнайы рұқсатсыз және бару үшiн белгiленген орындардан тыс жерлерде болуы – 
ескерту жасауға немесе екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Хаттама толтырылып, Қаулы шыққаннан кейін Халық, Каспий, Евразиялық банк мобильді косымшалары мен ҚазПошта арқылы төлеуге болады.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95