Сәуір айының 12-ші жұлдызы күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми қызметкерлері «Парктер шеруі - 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында Мақаншы ауылдық округінің                 «С.Сейфулин атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ-нің  7-сынып оқушыларына  «Жауқазындар күні» атты семинар-сабақ өткізді.

Сабақ барысында ғылыми қызметкерлер дайындаған мәліметерімен бөлісіп, оқушыларды топтарға біріктіріп, әр топқа өз мәліметтерін қорғатты.  БОТАНИКТЕР тобы аумақта кездесетін қызғалдақтардың түрлерімен, ГЕОГРАФТАР тобы қызғалдақтардың жер бетіне таралуымен, ЭКОЛОГТАР тобы қызғалдақтардың маңызы және қазіргі жай-күйімен, МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЛАР  тобы қызғалдақтарды қорғау шараларымен таныстырып кетті. Семинар соңында оқушылар бір-бірлеріне баға беріп, тілек айтты.

Қатысушылардың жалпы саны -60.

ҒАЭМБ.

1 (1) 1 (1) 1 (1) 1 (1) 1 (1) 1 (1) 1 (1)

         Сәуір айының 11-і күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері мен Қарабұта ауылының мемлекеттік инспекторлары «Қарабұта орта мектебі» КММ 7-8 сынып оқушыларына «Білмектің кілті – білім мен ғылымда» атты тақырыппен семинар сабағын өткізді.

Сабақтың шарты бойынша екі команда арасында табиғатқа байланысты сайыстар өткізілді.

Сабақ барысы таныстыру, ой-толғақ, мың бір мақал, жүз бір жұмбақ, экодизайнерлер сайысы мен «Біз көңілді баламыз!» деген бөлімдерді қамтыды.

Семинар нәтижесінде оқушылар білгендерін жүйелеп, өздерінің білім деңгейлерін, ойлау деңгейлерін жоғары дәрежеде көрсете отырып,  тыңдаушылардың назарын өздеріне аудара білді.

Экологиялық ағарту инженері Ә.Көбенова.

 

«Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу шаралары жүйелі түрде атқарылып келеді. Аталған шара тұрғын­дардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалып­тастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды. Апта сайын аудан және ауылдық округтерде жаппай сенбілік шаралары ұйымдастырылып, мемлекеттік инспекторлар табиғат тазалығын сақтауда белсенділік танытуда. 

11 сәуір күні ШҚО, Зайсан ауданында орналасқан «Тарбағатай» мен «Құлынжон» (зоологиялық) қаумалдарының орман шебері Д.Аманғазин мен мемлекеттік инспекторлары да өз айналымдарында сенбілік жұмыстарын өткізді. Себебі, сенбілік – бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбір­шілікті көрсететін керемет шара болғандықтан, тазалықты жанына серік еткен мемлекеттік инспекторлар сенбілікте ерекше белсенділік танытты.

Іс-шара нәтижесінде шыны бөтелке, темір қалбырлар, пластиктер мен күл-қоқымдардан құралған 120 кг қоқыс мемлекеттік инспектор Ж.Бұлғынбаевтың жеке УАЗ көлігімен қоқыс полигонына шығарылды. Сенбілікке қатысушылар саны – 15 адам.

Экологиялық ағарту инженері Ә.Көбенова.

«Тарбағатай»  мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми қызметкерлері 2024 жылдың 9 сәуір күні,  «Парктер шеруі – 2024» халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында «Құстар – біздің досымыз!» атты викториналық сабақты «Мектеп жанындағы интернаты бар М. Хасенов атындағы Бестерек  орта мектеп-бақшасының» 6-7 сынып (жалпы саны 43) оқушыларына өткізіп қайтты. 

Сабақ барысында оқушылар ұлттық парк қызметкерлерінің құрастырған жасырын сурет және аудио, бейне сұрақтарына жауап беру арқылы сайысқа түсті. Нәтижесінде көп ұпай жинаған топ жеңіске жетіп, мақтау қағазымен және алғыс хатпен  марапатталды.

Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі.

1

2

3

4

5

Абай облысы, Үржар ауданы «Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ-нің 8-11 сыныптардан 151 оқушы мен 23 мектеп қызметкерлері «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында “Табиғатты аялайық!" тақырыбында экологиялық сенбілік өткізді.

Сенбіліктің мақсаты: оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту, сондай-ақ табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге және мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру болды.

Экологиялық акцияға ұлттық парктен Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкері Р.Корпешов қатысты.  Қатысушылардың жалпы саны – 175 адамды құраған.

Экскурсия жетекшісі Эльдар Баженов.

 

Сәуір айының 5-і күні ұлттық парк директоры А.Серкебаевтың бастамасымен мемлекеттік инспекторлар мен қызметкерлер «Парктер шеруі – 2024» экологиялық акциясының шеңберінде аудан орталығы - Үржар ауылында ауқымды сенбілік жұмыстарын жүргізді.

Себебі, табиғат зиянды қалдықтардан өздігінен тазалана алмайды. Адамдар күн сайын жол бойына лақтырып тастаған пластмасса құтылар жер бетінде 500 жылға дейін, кәдімгі полиэтилен пакеттері 200 жылдан астам уақыт бойы шірімей жатып, жер қойнын ластап, «жегі құртша» топырақ құнарын жеп жатады.

Сенбілік нәтижесінде ауыл іші адамзаттың әсерінен шашылған қоқыстардан тазартылды.  400 кг қоқыс ұлттық парктің МТЗ-80 техникасымен қоқыс полигонына шығарылды. Сенбілікке жалпы саны 80 адам қатысты.

Салауатты өмір салты мен ерік-жігерді шыңдауға, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бұл шара одан әрі қолдауын табады деген сенімдеміз!

 

Экологиялық ағарту инженері Ә.Көбенова.

ap

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95