100

1

«Тарбағатай»  мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми қызметкерлері 2024 жылдың 6 мамыры күні,  «Парктер шеруі – 2024» халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында «Тарбағатай» МҰТП» РММ-нің индикаторлық түрлері» атты дәріс сабақты «Б.Тұрлыханов атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ-нің 4-сынып  оқушыларына өткізді.

Сабақ барысында оқушыларды ұлттық парк аумағында мекендейтін жануарлардың индикаторлық түрлерімен таныстырып,  дәріс соңында топтық жұмыс жасады.

Дәріске 40 оқушы қатысты.

1 1 1 1

Көктем мезгілі тазалық пен тәртіптің дәстүрлі мезгілі болса, сенбіліктер баршаны біріктіретін игі дәстүр. Осындай біріктіруші шаралардың бірі «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде 04 мамырда Үржар ауылында өткен «Таза Қазақстан!» сенбілігі еді.

Сенбілікте Үржар ауылының мекемелерінің  барлығы бірігіп, сынған ағаш бұтақтары мен жол бойында шашылған қоқыстарды жинады. Бұл сенбілік аумақты тазарту шарасы ғана емес, сонымен қатар аудан мекемелерінің ұжымын одан әрі ынтымақтастыратын тамаша мүмкіндік болды!

Экологиялық сенбіліктер осымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Өйткені тәртіп адамда да, оның айналасында да болуы керек, сондықтан да экологиялық ағартушылық мақсаттағы сенбіліктер өте қажет.

Экскурсия жетекшісі Р.Көрпешов.

1 2 3 4 5 6 7 8 9

2-3 мамыр аралығында «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторларымен «Парктер шеруі – 2024» экологиялық акциясының жоспарына сәйкес «Таза өзен – таза жағалау!» акциясы өтті. Осы уақыттарда туризм бөлімінің қызметкерлері Ақтоғай және Бестерек мемлекеттік инспекторларының бірлескен түрде өткізген сенбілігіне қатысты.

Біз үшін өзеннің жағасын қоқыстан тазалау маңызды іс-шара болып табылады. Себебі, өзендер ғаламшардағы ең маңызды табиғи ресурстардың бірі. Олар ауыз су, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және басқа да тіршілік салалары үшін тұщы суды қамтамасыз етеді. Өзеннің жағалауы суға түспес бұрын қоқыс пен ластағыш заттарды ұстап қалып, сүзгіш қызметін атқарады. Егер жағалаулар қоқыспен толтырылса, онда бұл судың ластануына және оның сапасының нашарлауына әкеп соғады. Бұл жалпы экожүйеге кері әсерін тигізеді.

Өзен жағалауларындағы қоқыс қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан қабылдауды бұзатыны ескерілее отырып, Ақтоғай өзенінің бойынан жиналған қоқыстар мемлекеттік инспектор Ш.Қоштаевтың жеке көлігімен қоқыс полигонына шығарылды. Акцияға жалпы 73 адам қатысты. Мемлекеттік инспекторларға ұлттық парк аумақтарын таза етуге ұмтылыстары үшін алғыс айтамыз!

Экологиялық ағарту инженері Ә.Көбенова.

Ағымдағы жылдың 02-ші мамыры күні «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында болып өткен «Құстар – біздің досымыз!», «Табиғат балалардың көзімен» байқауларын қорытындылау мақсатында Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен Үржар тарихи өлкетану музейінде көрме өтті.

Комиссия мүшелері көрмеде балалардың өз қолдарымен дайындаған, әрі байқау ережесіне сәйкес шығармашылық еңбектерін бағалап, қорытындысын шығарды.

«Құстар – біздің досымыз!» байқауы бойынша жүлдегерлер:

1-орын – «Абылайхан ОМ» КММ 7 сынып оқушысы А.Слямғали;

2-орын – «Жансүгіров ОМ» КММ 8 сынып оқушысы Ш.Қуантай;

3-орын – «Абай ОМ» КММ 9 сынып оқушысы Н.Құсаинов.

          «Табиғат балалардың көзімен» байқауы бойынша:

Бас жүлде – «Балауса» балабақшасының тәрбиеленушісі М.Ерниязова;

1 – орын «Талшын» жекеменшік балабақшасының тәрбиеленушісі Э.Дүйсенбек;

2 – орын «Б.Тұрлыханов атындағы ОМ» балабақшасының тәрбиеленушісі А.Фархатов;

3 – орын «Нұр-Шуақ» жекеменшік  балабақшасының тәрбиеленушісі А.Серікқан.

          Байқауға қатысушыларға алғыс білдіре отырып, жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтаймыз! Марапаттау рәсімі «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясының жабылу салтанатында өтетінін хабарлаймыз.

Экологиялық ағарту инженері Ә.Көбенова.

Сәуір – тазалық орнатудың дәстүрлі уақыты. Ұлттық парктің мемлекеттік инспекторлары мен қызметкерлері 29-30 сәуір күндері «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде «Бұлақ көрсең, көзін аш!» атты экологиялық акция өткізді.

Суды таза ұстау – оны қорғау деген сөз. Ата-бабамыз ұлттық дәстүрімізде суды қадірлеу, суды лайламау, суды сабамау, суға дәрет сындырмау, былғамау туралы өсиет сөздерді көп айтқан. Балаларға ата-аналары «Суды сабама – балығын шошытасың», «бұлақты лайлама – құсын кетіресің», «Өзің су ішкен құдығыңа түкірме» деп тоқтау сөз айтып тәрбиелеген. «Бұлақ көрсең, көзін аш!» деп өсиет айтқан. Осы қағиданы басшылыққа ала отырып, ол суды адамдар тек ішу үшін ғана пайдаланбайды, егін, бау-бақша суаруға, мал шаруашылығына, өнеркәсіптің түрлі салаларына қолданылатындығынан да хабардар етпекпіз.

Бұл акцияны өткізу өлкеміздің қоршаған ортасының экологиялық жағдайын жақсартады, табиғат байлығы - бұлақ көздерін қорғай білуге, өлкеміздің табиғи ресурстарын аялауға үлгі болатыны анық.

Іс-шара нәтижесінде ұлттық парк аумағында 39 бұлақ көзі тазаланды. Қатысушылар саны - 45 адам.

 

Экологиялық ағарту инженері-мемлекеттік инспектор Ә.Көбенова.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95