ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі»

республикалық мемлекеттік мекемесі

Tarbagatay

Туристік маршруттың ПАСПОРТЫ

 

 

«Қарабас»

Туристік маршруты

 

2023 жыл

                                                         

 

                                                                  «Бекітілді»

                                                                Қазақстан Республикасы Экология

                                                                    және табиғи ресурстар министрлігі

                                                                          Орман шаруашылығы және жануарлар

                                                                   дүниесі комитетінің төрағасының

                                                               «___» __________ 20 __ жылғы

                                           № ______ бұйрығы.

Туристік маршруттың

ПАСПОРТЫ.

1. ЕҚТА атауы: «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.

2. Маршруттың атауы: Туристік маршрут – «Қарабас».

3. Маршруттың жіктемесі.

1) қозғалыс жасау түрі бойынша: аралас (автокөлікпен, жаяу).

2) қолданыс уақыты бойынша: маусымдық

3) ұйымдастыру нысаны бойынша: топтық және жеке.

4. Негізгі географиялық пунктер атауы: Үржар ауылы, Мақаншы ауылы, Бақты ауылы, Шлагбаум, Ақтас, ІІХК мөрі, петроглифтер.

5. Қашықтығы 129 км, оның ішінде: автокөлікпен - 120 км, жаяу - 9 км, ұзақтығы 4 сағ, 20 мин аялдамаларды есепке ала отырып.

6. Маршруттың жұмыс істеу мерзімі. Мамыр айынан қазан айына дейін.

7.Топтағы адамдардың ең жоғары саны: 10 – 15 адам. Бір аптаға 1-ден 2 топқа дейін.

8. Экскурсия маусымында әр түрлі кезеңдер бойынша рұқсат етілетін рекреациялық жүктемелер: туристік және рекреациялық аймақта маусымдық қолданыс кезінде өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесіне кедергі келтірмей, айына 20-50 адамнан, сонда  маусым бойы 200 адамға дейін жүріп өтуге жол беріледі.

9. Маршрут арқылы экскурсия ұйымдастырушысынсыз жүрiп өту мүмкiндiгi:

Топ экскурсия жетекшісі немесе мемлекеттік инспектормен бірге жіберіледі.

Соқпақпен жүріп өтудің барлық ережелері мен шарттары міндетті түрде сақталатын жағдайда жүріп өтуге рұқсат беріледі. Көктем айларында, жауынды кездерде, белсенді кене энцефалиті кезінде және ауа-райын ескере отырып өрт қауіпсіздігі маусымы кезінде бұл маршрутпен жүруге уақытша тыйым салынуы мүмкін. Маршрут бойында аншлагтар мен ақпараттық тақталар орнатылған.

Керекті құрал – жабдықтар: Жылы киім, таулы аймаққа арналған аяқ киім, міндетті түрде бас киім қажет. Жәндіктер мен масаларға қарсы құралдар және бұлыңғыр ауа – райы кезінде жаңбыр жамылғыларын алу.

10. Маршрутта жүріп – тұрудың ерекше ережелері.

Маршрутпен жүру кезінде:

-         Аң аулауға, балық ұстауға, ұяларды, індерді, құмырсқа илеулерін бұзуға және қолға ұстауға;

-         Өз бетінше белгілер қоюға, жазулар жазуға;

-         Арнайы рұқсатсыз соқпақтар бойынан табиғи әдемі тастар, археологиялық табындылар және т.б заттар алып кетуге;

-         Автотұрақ ұйымдастыруға, шатырлы үйлер тігуге, арнайы орыннан басқа жерлерге от жағуға, өзендер мен көлдерге шомылуға;

-         Өз бетінше әдемі және дәрілік шөптер жинауға тыйым салынады.

-         қар көшкіні, тұманды, нөсер жаңбырлы кездерде соқпақпен жүруге тиым салынады.

11. Қауіпсіздік шаралары: Маршрутта қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет.

-         жүргіншілердің ара қашықтығы 1,5 – 2 метрден кем болмауы:

-         алдыңғы кетіп бара жатқан адамды итермеу:

-         тік жардың қабағына тұрмау:

-         тау өзендерін арнайы белгіленбеген немесе өткелі жоқ  жерлерден кесіп өтпеу.

-         Жыландармен кездескенде өте мұқият әрекет ету керек

Жылан шағып алған жағдайда тез әрекет ету керек, сіз тістеген жерді қысып, уды сығып алуыңыз керек, содан кейін жараны кез – келген сұйықтықпен-сумен, одеколонмен жуыңыз.

12. Маршруттың координаты.

Маршрут учаскелері

Ұзақтығы

км

Қозғалыс

уақыты, мин

Аялдау уақыты, мин

Тамаша

лау, суретке түсіру алаңдары

Бастап

Дейін

1

Үржар ауылы

Мақаншы ауылы

42

30

-

-

2

Мақаншы ауылы

Қарабұта ауылы

60

60

-

-

3

Қарабұта ауылы

Шлагбаум

18

20

30

-

4

Шлагбаум

 Ақтас

5,5

20

30

-

5

Ақтас

ІІХК

2,5

30

20

-

6

ІІХК

Петроглиф

1

10

20

-

7

Петроглиф

Актас

0,5

5

   

8

Актас

Шлагбаум

5,5

20

   

9

Шлагбаум

с. Бахты

18

20

   

10

с. Бахты

с.Маканчи

60

60

   

11

с.Маканчи

с.Урджар

42

30

   

ВСЕГО:

255 км

305 мин

(5 ч, 5 мин)

100 мин

(1 ч, 40 мин)

-

 

13. Маршрут сызбасы қосымшада тігіледі.

14. Шартты белгілер(маршрут)

БӨП

аншлагтар

жол сілтеуіш

НКВД мөрі

Күркелер

көру алаңқайлары

Петроглиф

дәретхана

15. Маршруттың қысқаша сипаттамасы.

1. Үржар ауылынан 42 шақырым жерде Мақаншы ауылы орналасқан. Мақаншы — Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданындағы ауылдық округ орталығы, Тарбағатай тауының оңтүстік-батыс бөктерінде, Қатынсу өзеннің оң жағасындағы құрғақ дала белдемінде орналасқан. Іргесі 1879 жылы Ресейден келген шаруалардың қоныс аударуына сәйкес қаланды. 1928-1997 жылдары аудан орталығы болды.

2. Мақаншы ауылынан 60 км жерде Бақты ауылы орналасқан. Бақты ауылдық округінің әкімшілік орталығы және жалғыз елді мекені. Іргесі 1870 жылы қаланған.

3. Бақты ауылынан 18 км жерде шлагбаум орнатылған.

4. Шлагбаумнан 5,5 км қашықтықта Ақтас демалыс орыны орналастырылған. Ақтас - теңіз деңгейінен бір жарым мың метр биіктіктегі Тарбағатайдан сәл төменірек орналасқан Қарабас тауындағы төбе. Қытаймен шекарада, облыс орталығынан 700 шақырымдай жерде орналасқан бұл өлкенің бұғып жатқан құпия сыры көп. Қарабас тауының шөлді аймағы ителгі, бүркіт, жыланшы қыран, қара тырна, дуадақ, жапалақ, қарабауыр бұлдырық сияқты жыртқыш құстардың ошағы, сондай-ақ арқардың мекен ететін жері.  

5. Ақтастан 2,5 км жерде, шоқының шыңында ІІХК (Ішкі істер халық комиссариаты) мөрі орналасқан. Кішкентай ғана мөрдің өзінде қаншама тарих жатыр. Мөрде "ГУГСК НКВД СССР 1938" деп жазылған. ГУГСК (главное управление геодезической съемки и картографии) - бұл 1935 жылдан 1938 жылға дейін ІІХК құрамына кірген геодезиялық түсірілім мен картографияның бас дирекциясы (ГТКБД). ІІХК мөрі — биіктігі шамамен 1 м. тік төртбұрышты цемент бетонға орнатылған, геодезиялық белгі, ұшы бар үлкен шойын "түйме".

ГТКБД-ның ең маңызды жетістіктерінің бірі 1937 жылы әлемдегі үлкен кеңес атласының бірінші томының басылымы болды. Атап айтқанда КСРО-ның карталарын қамтыды. Басылым сенсация жасап, Париждегі Халықаралық көрмеде "Гран-При" алды.

Осы жерден көру түтікшесі арқылы арқарларды тамашалауға болады.

6. ІІХК мөрінен 1 км қашықтықта қола дәуірінен бері сақталған, петроглифтері бар базальтты тастар орналасқан. Петроглифтер - ежелгі адамдардың өмірі мен мифтері туралы мәліметтердің сенімді дереккөзі. Ол латынша «петро» — «тас» және грекше «глиф» — «жазу» деген мағынаны білдіреді. Яғни, тақтатас, жартастарға салынған суреттер, бейнелер. Қысқасы "тас кітаптар". Хайуанаттардың суреттері жазық, тік тастың бетіне қашалып, терең ойылмай,  көбіне қырынан салынған. Жергілікті тұрғындар бұл тастарды базальтпен өңделген деп жорамалдап, «базальт тастар» деп  айтады екен. Осы базальтты жартастардың етегінде ежелгі қоныстың орындары бар.

16. Маршрут бойындағы және тамашалау алаңдарындағы қарап-көру объектілерінің қысқаша сипаттамасы.

Дала өзендері мен арықтар, жер астынан шыққан және қайта сіңіп жатқан бұлақтар кездеседі. Табиғи үрдістерге байланысты эрозиялық өзгерістер байқалады. Бұл жерде флораның әр алуандығы көрініп тұр. Олар: бұталар, аласа талдар, т.б. Жердің барлық аумағы бойынша суырдың қазылған індері көп. Жануарлардан: суыр, қоян, түлкі, арқар, аю, елік, ал құстардан: шіл, көк құтан, үйрек, бүркіт, және т.б. кездестіруге болады.

 

17. Маршруттың күрделі учаскілерінің қысқаша сипаттамасы.

Көлбеулігі 35 градустан асатын беткейлермен жүргенде, тік еңістер мен тік биіктікке көтерілу кезінде, соқпақтың қаптал және қорымды тұстарында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет. Әсіресе, салт атпен жүру кезінде ерден мықтап ұстап отыру керек. Өйткені, суыр індеріне аттың аяғы кіріп кетуі мүмкін. Маршрут бойымен жүру кезінде ағыны қатты тау өзендері кездеседі. Олардан өту кезінде тек қана арнайы белгіленген өткелдер мен көпірлер арқылы өту керек екендігі қатаң ескертіледі.

18.Ықтимал апаттық құбылыстар мен олар орын алған кездегі  топтың іс-қимылы.

         Бұршақ, нөсер жаңбыр болған кездерде жар-қабақ жағалауларына, су, өзен жағалауларына жақындамау қажет. Сел, су тасқыны болған кезде сол жердің рельефіне байланысты биіктеу жерге тез арада көтерілу қажет. Өрт байқалған жағдайда экскурсия жетекшісіне немесе ұлттық парктің мемлекеттік инспекторына хабарлаңыз.

19. Жолдамаға ақпараттық парақшаның мәтiнi үшiн ұсынымдар.

Құрметті демалушылар, сіздер ерекше қорғалатын табиғи аумақтың территориясына келдіңіздер! Сондықтан келесі ережелерді сақтауларыңызды сұраймыз:

-           Бағытатушы жолсерік – инспектор және экскурсия жетекшісінің нұсқауларын орындау

-           Соқпақтан тыс шықпау

-           Өсімдіктерге зиян келтірмеу

-           Қоқыс тастамау

-           От жақпау

-           Таста, жарда жазу қалдырмау

Маршрутпен жүру барысында спирттік ішімдік ішуге тыйым салынады.

20. Маршрутты абаттандыру.

Маршрут абаттандырылған. Маршрутта: күркелер, аншлагтар, ақпараттық тақталар, көрсеткіштер, дәретханалар, қоқыс жәшіктері бар, бивак алаңы, биотуалет, қонақ үйі, киіз үй, суретке түсу алаңын орнату.

        Таңбалануы: Туристік маршрут. Тамашалау алаңдары мен суретке түсіру алаңы.

21. 2022 жылғы 31 мамырдағы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар Вице-министрінің төрағалығымен өткен кеңестің хаттамасы: «қолданыстағы туристік маршруттар мен экологиялық соқпақтардың паспорттарын қайта қарау».

Соқпақтың төлқұжатын жасауға жауапты адамдар:

Экологиялық ағарту инженері:                     ______________ Ә.Көбенова.

Экскурсия жетекшісі:                                     ______________ Р.Көрпешов

22. Төлқұжат 2019 жылы 3 данадан жасалған.

23. 2023 жылы түзетулер енгізілді.

24. Паспорттың даналары жіберілді:

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи

 паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі

А.С. Серкебаев _________________

"_____" _____________ 20 ___ жыл

М. О.



04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95