Туристік маршруттың
ПАСПОРТЫ.

  • ЕҚТА атауы: «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
  • Маршруттың атауы: Туристік маршрут – «Әлемді».
  •  Маршруттың жіктемесі.

1) қозғалыс жасау түрі бойынша: аралас (автокөлікпен, жаяу).
2) қолданыс уақыты бойынша: маусымдық
3) ұйымдастыру нысаны бойынша: топтық және жеке.

  • Негізгі географиялық пунктер атауы: Үржар ауылы, Сарқырама (биіктігі 10 метр), «Кіші Әлемді» сайы  Балбал тастар, «Әулие үңгір».

 

  • Ұзындығы 228 шақырым: автокөлік жолы – 228 км, уақыт ұзақтығы – аялдаманы ескере отырып 12 сағат.
  • Маршруттың жұмыс істеу мерзімі. Мамыр айынан қазан айына дейін.
  • Топтағы адамдардың ең жоғары саны: 10 – 15 адам. Аптасына 1 – ден 2 топқа дейін.

8. Экскурсиялық маусым ішіндегі әртүрлі кезеңдер бойынша жол берілетін рекреациялық жүктемелер: туристік және рекреациялық аймақта маусымдық қолданыс кезінде өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесіне кедергі келтірмей, айына 20-50 адамнан, сонда маусым бойы 200 адамға дейін жүріп өтуге жол беріледі.
9. Маршрут арқылы экскурсия ұйымдастырушысынсыз жүрiп өту мүмкiндiгi:
Топ экскурсия жетекшісі немесе мемлекеттік инспектормен бірге жіберіледі.
 Соқпақта туристік серуен кезінде нормалар мен ережелер қатаң сақталуы керек. Көктем мезгілінде жауын-шашында, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі маусымы кезінде бұл соқпақпен жүруге уақытша тыйым салынуы мүмкін. Маршрут бойында аншлагттар және ақпараттық тақталар орнатылған.
Қажетті киімдер мен құрал-жабдықтар: Жылы киім, таулы аймаққа арналған аяқ киім, бас киім міндетті.Жәндіктер мен масаларға қарсы құралдар және бұлыңғыр ауа – райы кезінде жаңбыр жамылғыларын алу.

10. Маршрутта жүріп – тұрудың ерекше ережелері:
Маршрутпен жүру кезінде:

  • аң аулауға, балық ұстауға, ұяларды, індерді, құмырсқалардың илеуін бұзуға және қолға ұстауға;
  • Объектілерге өз бетінше белгілер қойып, жазулар жазуға;
  • Арнайы рұқсатсыз соқпақтар бойынан табиғи ескерткіштер, әдемі тастар табылған археологиялық және т.б заттар алып кетуге;
  • Арнайы орыннан басқа жерлерге автотұрақ ұйымдастыруға, шатырлы үйлер тігуге, от жағуға, сондай-ақ өзендер мен көлдерге шомылуға;
  • Өз бетінше әдемі және дәрілік шөптер жинауға тыйым салынады.

11. Қауіпсіздік шаралары:
Маршрутта қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет:

  • Жүргіншілердің ара қашықтығы 1,5 – 2 метр болуы керек:
  • Алдында кетіп бара жатқан адамды итермеу:
  • Тік жардың шетінде тұрмау:
  • Тау өзендерін арнайы белгіленбеген немесе өткелі жоқ  жерлерден кесіп өтпеу.
  • Жыландармен кездескенде өте мұқият әрекет ету керек

Жылан шағып алған жағдайда тез әрекет ету керек, сіз тістеген жерді қысып, уды сығып алуыңыз керек, содан кейін жараны кез – келген сұйықтықпен-сумен, одеколонмен жуыңыз.
12. Маршрутпен жүріп өту жоспары.


Маршрут учаскелері

Ұзындығы,
км

Қозғалыс
уақыты,
мин.

Аялдау уақыты,
мин.

Тамашалау алаңдары, суретке түсіру алаңдары

Бастап

Дейін

1

Үржар ауылы

Сарқырама

55

90

20

1

2

Сарқырама

Кіші Әлемді шатқалы

4

25

30

1

3

Кіші Әлемді шатқалы

Балбал тас

48

150

30

1

4

Балбал тас

«Әулие үңгір»

7

40

30

1

 

«Әулие үңгір»

Балбал тас

7

40

 

 

 

Балбал тас

Кіші Әлемді шатқалы

48

150

 

 

 

Кіші Әлемді шатқалы

Сарқырама

4

25

 

 

 

Сарқырама

Үржар ауылы

55

90

 

 

 

Барлығы:

 

228

610 мин
(10 сағ, 10 мин)

 110 мин
(1 ч, 50 мин)

4

13. Маршрут сызбасы.
алемди

14. Шартты белгілер:


tent

шатыр қоятын орын

right

жол сілтеуіш

info

ақпараттық қалқандар

photo

көру алаңқайлары

circus

қалқалар

дәретхана

 

15. Маршруттың қысқаша сипаттамасы.
Саяхатқа шығатын топ Үржар ауылында жиналады. Қарабұйрат ауылына бірнеше шақырым жетпей маршрут бойынша тау жолы басталады. Бірінші аялдама Тарбағатай тауының етегіндегі Сарқырама. Туристік топ маршрут бойымен «Кіші Әлемді» сайына жетеді. «Кіші Әлемді» сайынан 48 шақырым жерде балбал тас мүсіні бар жерлеу орындарын көруге болады. Әрі қарай экскурсия арқылы Әулие үңгірге жетуге болады.

16. Маршрут бойындағы және тамашалау алаңдарындағы қарап-көру объектілерінің қысқаша сипаттамасы.
Үржар ауылынан 55 шақырым жерде құлау биіктігі 10 метр сарқырама орналасқан, көктемгі уақытта сарқыраманың ағыны  ұлғайып, жаз айларында қалыпты ағады.
Сарқырамадан 4 шақырым жерде «Кіші Әлемді» шатқалы орналасқан.Жоғары көтерілгенде жолдың оң жағында Қара мола жазығы, сол жағында жеті Кезен жолы орналасқан, 7 сатылы жолды көру үшін 7 шоқыдан өту керек.
Кіші Әлемдіден 48 шақырым жерде балбал тас мүсіні бар жерлеу орындары бар. Жергілікті тұрғындар бағзы заманда оларға құрбандық шалып, рухтарына тағзым еткен.
Балбал тастан 7 шақырым жерде «Әулие үңгір» бар. Келушілерді таң қалдыратын орын жотада орналасқан. Үңгірге кіре берісі тік және үңгірге еңкейіп кіресің.Ішіне кірген сайын қабырғалары тарыла береді. Жергілікті тұрғындардың әңгімелері бойынша келген адамдар үңгірде жүрген 15 минуттың ішінде артериялық қан қысымының қалыпқа келетінін байқаған. Бұл үңгірге келген адамдар ерекше күш-жігерді сезінеді және жағымсыз энергиядан құтылады дейді. 

17. Маршруттың күрделі учаскілерінің қысқаша сипаттамасы.
«Әлемді» туристік маршруты таудың төменгі, тегіс беткейімен жүретіндіктен күрделі учаскелер жоқ.

18. Ықтимал дүлей құбылыстар мен олар орын алған кезде  топтың іс-қимылы.
Бұршақ, нөсер жаңбыр болған кездерде жар-қабақ жағалауларына, су, өзен
жағалауларына жақындамау қажет. Сел, су тасқыны болған кезде сол жердің рельефіне байланысты биіктеу жерге тез арада көтерілу қажет. Өрт байқалған жағдайда экскурсия жетекшісіне немесе ұлттық парктің мемлекеттік инспекторына хабарлаңыз.
19. Жолдамаға ақпараттық парақшаның мәтiнi үшiн ұсынымдар.
Құрметті демалушылар, сіздер ерекше қорғалатын табиғи аумақтың территориясына келдіңіздер! Сондықтан келесі ережелерді сақтауларыңызды сұраймыз:

  • Бағытатушы жолсерік – инспектор және экскурсия жетекшісінің нұсқауларын орындау
  • Соқпақтан тыс шықпау
  • Өсімдіктерге зиян келтірмеу
  • Қоқыс тастамау
  • От жақпау
  • Таста, жарда жазу қалдырмау

Маршрутпен жүру барысында спирттік ішімдік ішуге тыйым салынады.

20. Маршрутты абаттандыру.
Бұл бағытта: күрке, аншлаг, ақпараттық тақталар бар.
       Таңбалануы: Туристік соқпақ. Суретке түсіру алаңы.

21. Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми-техникалық кеңесінің шешімі 22.01.2024 жылғы №1 хаттамасы негізінде «Туристік маршруттардың паспорттарын қайта қарау» тақырыбы бойынша сәйкес қарастырылды.
2022 жылғы 31 мамырдағы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар Вице-министрінің төрағалығымен өткен кеңестің хаттамасы: «қолданыстағы туристік маршруттар мен экологиялық соқпақтардың паспорттарын қайта қарау».

Соқпақтың төлқұжатын жасауға жауапты адамдар:
ЭАРТ бөлімінің басшысы:                                  ______________  Д.Тоқтасынұлы
Экскурсия жетекшісі:                                          ______________   Р.Көрпешов
22. Паспорт  2019 жылы 3 данадан жасалған.
23. 2024 жылы 1-6 беттерге өзгерістер  енгізілді.
24. Паспорт даналары жіберілді:

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне 3 дана жіберілді

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95