Туристік маршруттың
ПАСПОРТЫ.
- ЕҚТА атауы: «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
- Маршруттың атауы: Туристік маршрут – «Әлет».
- Маршруттың жіктемесі.
1) қозғалыс жасау түрі бойынша: аралас (автокөлікпен, жаяу).
2) қолданыс уақыты бойынша: маусымдық
3) ұйымдастыру нысаны бойынша: топтық және жеке.
- Негізгі географиялық пунктер атауы: Үржар ауылы, Бестерек ауылы, «Әлет» ботаникалық бағы.
- Ұзындығы 50 км, оның ішінде: автокөлікпен жүріп өту – 44 км, жаяу - 6 км, аялдамаларды есепке алғанда, ұзақтығы 2 сағат 10 мин.
- Маршруттың жұмыс істеу мерзімі. Мамыр айынан қазан айына дейін.
- Топтағы адамдардың ең көп саны: 10 – 15 адам. Бір аптаға 1-ден 2 топқа дейін.
- Экскурсиялық маусым ішіндегі әртүрлі кезеңдер бойынша жол берілетін рекреациялық жүктемелер: Маусымдық қолданыс кезінде өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесіне кедергі келтірмей, айына 20-50 адамнан жыл ішінде 200 адамға дейін жүріп өтуге жол беріледі.
9. Маршрут арқылы экскурсия ұйымдастырушысынсыз жүрiп өту мүмкiндiгi:
Топ экскурсия жетекшісі немесе мемлекеттік инспектормен бірге жіберіледі.
Соқпақпен жүріп өтудің барлық ережелері мен шарттары міндетті түрде сақталатын жағдайда жүріп өтуге рұқсат беріледі. Көктем айларында, жауынды кездерде, белсенді кене энцефалиті кезінде және ауа-райын ескере отырып өрт қауіпсіздігі маусымы кезінде бұл маршрутпен жүруге уақытша тыйым салынуы мүмкін. Маршрут бойында аншлагтар мен ақпараттық тақталар орнатылған.
Керекті құрал – жабдықтар: Жылы киім, таулы аймаққа арналған аяқ киім, міндетті түрде бас киім қажет. Жәндіктер мен масаларға қарсы құралдар және бұлыңғыр ауа – райы кезінде жаңбыр жамылғыларын алу.
10. Маршрутта жүріп – тұрудың ерекше ережелері.
Маршрутпен жүру кезінде:
- аң аулауға, балық ұстауға, ұяларды, індерді, құмырсқа илеулерін бұзуға және қолға ұстауға;
- Өз бетінше белгілер қоюға, жазулар жазуға;
- Арнайы рұқсатсыз соқпақтар бойынан табиғи әдемі тастар, археологиялық табындылар және т.б заттар алып кетуге;
- Автотұрақ ұйымдастыруға, шатырлы үйлер тігуге, арнайы орыннан басқа жерлерге от жағуға, өзендер мен көлдерге шомылуға;
- Өз бетінше әдемі және дәрілік шөптер жинауға тыйым салынады.
- қар көшкіні, тұманды, нөсер жаңбырлы кездерде соқпақпен жүруге тиым салынады.
11. Қауіпсіздік шаралары: Маршрутта қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет.
- жүргіншілердің ара қашықтығы 1,5 – 2 метрден кем болмауы:
- алдыңғы кетіп бара жатқан адамды итермеу:
- тік жардың қабағына тұрмау:
- тау өзендерін арнайы белгіленбеген немесе өткелі жоқ жерлерден кесіп өтпеу.
- Жыландармен кездескенде өте мұқият әрекет ету керек
Жылан шағып алған жағдайда тез әрекет ету керек, сіз тістеген жерді қысып, уды сығып алуыңыз керек, содан кейін жараны кез – келген сұйықтықпен-сумен, одеколонмен жуыңыз.
12. Маршрутпен жүріп-өту жоспары.
№ |
Маршрут учаскелері |
Ұзындығы, |
Қозғалыс |
Аялдау уақыты, мин |
Тамаша |
|
Бастап |
Дейін |
|||||
1 |
Үржар ауылы |
Бестерек |
8 |
15 |
- |
- |
2 |
Бестерек ауылы |
«Әлет» ботаникалық бағы |
17 |
50 |
30 |
- |
|
«Әлет» ботаникалық бағы |
Бестерек ауылы |
17 |
50 |
|
|
|
Бестерек ауылы |
Үржар ауылы |
8 |
15 |
|
|
|
|
Барлығы: |
50 |
130 мин |
30 мин |
|
14. Шартты белгілер (маршрут):
БӨП |
|
автотұрақ |
|
аншлагтар |
|
жол сілтеуіш |
|
ақпараттық қалқандар |
|
тау баспанасы |
|
Күркелер |
|
шатыр тігетін орын |
|
|
көру алаңқайлары |
|
дәретхана |
15. Маршруттың қысқаша сипаттамасы.
Саяхатқа шығатын топ Үржар ауылында жиналады. Бестерек ауылынан өткеннен кейін маршрут бойынша тау жолы басталады. Бірінші аялдама Тарбағатай тауының етегінде орналасқан шлагбаумда. Шлагбауымды өткеннен кейін 1-ші бивак алаңы орналасқан. Маршрут бойымен жүргенде туристік топ 2-ші бивак алаңына тоқтайды. Ары қарай жаяу Тассай сайының кіре берісінде орналасқан қарау алаңына жетеді.
16. Маршрут бойындағы және тамашалау алаңдарындағы қарап-көру объектілерінің қысқаша сипаттамасы.
«Әлет» ботаникалық бағы 1-ші бивак алаңы алманың әртүрлі сорттары өсетін алма бағының таңғажайып сұлулығын көруге болады.
2-ші бивак алаңы демалыс аймағы өзен бойында өскен планетадағы ең көне алма ағаштарының бірі - Сиверс алма ағашы өседі. Алғаш рет Санкт-Петербург ботанигі Иоганн Сиверс жергілікті алма ағашына назар аударды. Сиверс бұл алмаларды алғаш рет 1796 жылы Тарбағатай тауларына, Үржар ауылына келіп сипаттаған.
Сиверс алма бағынан өткеннен кейін, таулардың керемет көріністерін ұсынатын Тассай шатқалында орналасқан қарау алаңы бар. 2-ші бивак алаңынан 1,5 км қашықтықта бақылау алаңы орналасқан.
17. Маршруттың күрделі учаскілерінің қысқаша сипаттамасы.
Көлбеулігі 35 градустан асатын беткейлермен жүргенде, тік еңістер мен тік биіктікке көтерілу кезінде, соқпақтың қаптал және қорымды тұстарында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет. Әсіресе, салт атпен жүру кезінде ерден мықтап ұстап отыру керек. Өйткені, суыр індеріне аттың аяғы кіріп кетуі мүмкін. Маршрут бойымен жүру кезінде ағыны қатты тау өзендері кездеседі. Олардан өту кезінде тек қана арнайы белгіленген өткелдер мен көпірлер арқылы өту керек екендігі қатаң ескертіледі.
18. Ықтимал дүлей құбылыстар мен олар орын алған кезде топтың іс-қимылы.
Бұршақ, нөсер жаңбыр болған кездерде жар-қабақ жағалауларына, су, өзен жағалауларына жақындамау қажет. Сел, су тасқыны болған кезде сол жердің рельефіне байланысты биіктеу жерге тез арада көтерілу қажет. Өрт байқалған жағдайда экскурсия жетекшісіне немесе ұлттық парктің мемлекеттік инспекторына хабарлаңыз.
19. Жолдамаға ақпараттық парақшаның мәтiнi үшiн ұсынымдар.
Құрметті демалушылар, сіздер ерекше қорғалатын табиғи аумақтың территориясына келдіңіздер! Сондықтан келесі ережелерді сақтауларыңызды сұраймыз:
- Бағытатушы жолсерік – инспектор және экскурсия жетекшісінің нұсқауларын орындау
- Соқпақтан тыс шықпау
- Өсімдіктерге зиян келтірмеу
- Қоқыс тастамау
- От жақпау
- Таста, жарда жазу қалдырмау
Маршрутпен жүру барысында спирттік ішімдік ішуге тыйым салынады.
20. Маршрутты абаттандыру.
Маршрут абаттандырылған. Маршрутта: күркелер, аншлагтар, ақпараттық тақталар, көрсеткіштер, дәретханалар, қоқыс жәшіктері бар, бивак алаңы, биотуалет, қонақ үйі, киіз үй, суретке түсу алаңын орнату.
Таңбалануы: Туристік маршрут. Тамашалау алаңдары мен суретке түсіру алаңы.
21. Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми-техникалық кеңесінің шешімі 22.01.2024 жылғы №1 хаттамасы негізінде «Туристік маршруттардың паспорттарын қайта қарау» тақырыбы бойынша сәйкес қарастырылды.
2022 жылғы 31 мамырдағы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар Вице-министрінің төрағалығымен өткен кеңестің хаттамасы: «қолданыстағы туристік маршруттар мен экологиялық соқпақтардың паспорттарын қайта қарау».
Соқпақтың төлқұжатын жасауға жауапты адамдар:
ЭАРТ бөлімінің басшысы: ______________ Қабсаметов Р.
Экскурсия жетекшісі: ______________ Баяхметов Д.
22. Паспорт 2019 жылы 3 данадан жасалған.
23. 2024 жылы 1-6 беттерге өзгерістер енгізілді.
24. Паспорттың даналары жіберілді:
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне 3 дана жіберілді.













