Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 22 тамыздағы №345 бұйрығымен бекітілген Үйлестіру кеңесі туралы үлгілік ережесіне ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылы 28 ақпанында №50 бұйрығымен өзгерістер енгізілді (бұдан әрі – Ереже). Осыған байланысты, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Үйлестіру кеңесінің құрамын ережеге сәйкестендіруді тапсырды.
Осы тапсырысты орындау мақсатында, 2024 жылдың 18-ші наурызы күні өткен Үйлестіру кеңесінің отырысында ұлттық парк директорының 28.08.2023 жылғы №60-Ө бұйрығына өзгерістер енгізіліп, Үйлестіру кеңесінің құрамы (келісім бойынша) жаңа ережеге сәйкес қайта бекітіліп, хатшысы тағайындалды.
Баспасөз хатшысы Ә.Көбенова.