Жыл сайын Халықаралық деңгейде өтетін "Парктер шеруі-2020" акциясы аясындағы  бекітілген "Аманатты ақтайық,Сиверс алмасын сақтайық"-атты танымдық, тақырыптық саяхатымызға (биылғы жылғы төтенше жағдайға байланысты) ауданымызға қарасты  Абай атындағы ОМББ КММ-нен 8 сынып оқушысы-Садакова Бинур, Абылайхан атындағы  ОМББ КММ-нен 8 сынып оқушысы- Тлеуберген Мөлдір, І.Жансүгіров атындағы ОМ КММ-6 сынып оқушысы-Камзанов Темірлан, М.Хасенов атындағы  ОМБ КММ интернатының 5 сынып оқушысы-Ерғазы Ислам қатысты.

Иә, расында да, бүгінгі ауа-райы да оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, көңілімізді жадырата түсті. Бұл оқушылар үшін бірінші рет қатысқалы тұрған танымдық саяхатта Тарбағатай тауының етегіндегі  1200-1600 м теңіз деңгейіндегі биіктікте  самсап тұрған, табиғи құндылығымыз Сиверс алмасының өсу ареалын тамашалап, оның табиғи құндылығы жайлы әңгіме айтылып, танымдық саяхат жасалынды. Саяхат барысында біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы, Тарбағатайдың биік тауларында, кейінгі өркениет құрығы жете қоймаған аймақтарда жабайы алма өсіп тұрғаны жайлы, оның ғалам­шардағы алғашқы алманың атасы екендігі туралы әңгіме тербетіліп, бүгінгі күнгі тұтынып отырған мәдени алмаларымыз Тарбағатай бөктерінде өсетін жабайы алмадан бастау алғаны, жабайы алмалардың ішінде Сиверс алмасының алатын орны ерекше екені, тамыр жүйесі күшті дамыған, аурулар мен зиянкестерге өте төзімді екені, бағалы тағам, бал жинаушы, тау беткейін бекітуші, жабайы аң-құсымыздың таптырмас азығы екендігі айтылып, осы күнге дейінгі пайда болу, өсу, таралы тарихы туралы сыр шертілді.

10.04.23 55

Бүгінде дастарханымызда тәтті жемістің орнын көрші мемле­кеттен келетін алмалар басқаны белгілі. Құрт екеш құрт та жемейтін ол алмалар қазір төрімізге еніп, дастарқанымыздан берік орын алғаны рас екенін оқушылар да түйсінеді. Қазір табиғи, таза жеміс жоқ­тың қасы болып тұр. Сиверс алмасын да, апортты да армандаудан басқа амал жоқ екені белгілі. Тек, Тарбағатай тауларының күнгей бөктеріндегі ормандардан ғана дәмі тіл үйірер бұл жеміспен қауыша алатынын білгенде, әр оқушыда әжептәуір резонанс туғаны жасырын емес.

Бұл сапардағы  мақсаттың бірі – өзіміз жүріп өткен аймақтың табиғи, тарихи деректерін, аңыз-әңгімелерін, флора әлемінің байлығы туралы деректер жеткізіліп, айналамызды қоршаған ортаны, еліміздің табиғи байлығы, адам-табиғат арасындағы қарым-қатынас туралы ғылыми ұғымдар мен дүниені танып білудің әдіс-тәсілдерін меңгертіп, таныту болып табылды.  Әр бала қоршаған айналаны  көру, сезіну, түйсіну арқылы сезім мүшелеріне әсер етіп,  қоршаған ортаны жанашырлықпен, сүйіспеншілікпен қабылдау барысында сыртқы сезім мен ішкі сезім жан дүниесін біріктіріп, танымдарын нақтылай түсу. Сезім арқылы  қоршаған ортаны танып,  ғылыми біліммен байланыстырғанда ғана,  оқушыларда туған жерге, табиғатқа деген патриоттық сезімі білімімімен ұштасатынына көзіміз жетті.

Қазіргі заманғы ғылыми білімнің, мәдениеттің әртүрлі салаларын қоғамдық және қоршаған ортамен байланыстырып хабардар ету негізінде дүниені, әлемді, қоршаған ортасын танып білу әдістерімен оқушыны қаруландыру арқылы оның ортамен сауатты қарым-қатынасын жан-жақты дамытып, тәрбиелуді жүзеге асыруға мүмкіндік алу «Тарбағатай» МҰТП-нің басты міндеті.

Бүгінгі сапарда біз көздегенімізге жеттік деп айтуға болады! Оқушылар саяхат барысында көзбен көргендерін отбасында, мектептерінде бөлісу арқылы келешектегі қызуғышылық танытып, табиғатты сүйетін жасөспірімдердің қатарын көбейтіп, тартып отырамыз. Бұндай саяхаттар әлі де жалғасып, халыққа өзіміздің туған еліміз, қазынаға бай, тарихы тереңнен бастау алған өлкелеріміздің табиғи құндылықтары әлі де насихаттанатын болады.

Саяхат барысында бір ғана Сиверс алмасы туралы әңгіме болғанда, жасөспірімдердің сұрақтар қатары таусылған емес... Келешекте жеріміздің, еліміздің бар байлығы мұра болып қалатын ұрпағымызға: ғылыми-зерттеу жұмыстары, туризм, саяхат, экспедиция  жорықтарының беретін білімдік-тәрбиелік мәні зор екенін білеміз.Балалар саяхатта үлкен қызығушылық танытып: - саяхаттан түсінгеніміз, дүние – шексіз екен, ғылым-білімді дамыту арқылы қоршаған ортаға деген танымымыз кеңейе түсті деген пікірлерін айтысты.

Ораза айындағы, жұма күнгі сәтті сапарлы саяхатта, Үржарымыздың тамаша жерлерінің ерекшеліктері мен өзгешеліктерін елге танытып, табиғаты көркем жерлерді аралатып, тірі және өлі табиғатты, табиғаттағы құбылыстарды, олардың әрқайсысына тән қасиеттерін, олардың адамдарға қажеттілігі туралы мағлұматтарды ұғындыра отырып, табиғат пен адамның тығыз байланысты екенін, сондай-ақ, табиғатты аялау, үнемдеу экологиялық тәрбиесін беріп, «Тарбағатай» МҰТП-нің ғылыми қызметкерлері игілікті жұмыс жасап, жас ұрпақтардың жүректеріне туған жерге деген махаббат пен жылы сезім ұялатты.

Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг

 бөлімінің басшысы- Алемсейтова Жанылкан Қабиқызы.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95