ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 27-1-38/313-И бұйрығына сәйкес ұлттық паркімізде 10 сәуірде бастау алған «Парктер шеруі» атты халықаралық табиғатты қорғау акциясы ғаламтор желілері арқылы болып, 15 мамыр күні аяқталды.

Парктер шеруінің басты мақсаты - ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық проблемаларына халықтың, жұртшылықтың, өскелең ұрпақтың, мемлекеттік билік органдарының, кәсіпкерлердің назарын аудару және қоршаған ортаны қорғауға қатысуға шақыру, патриотизмге тәрбиелеу, халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру болып табылады. Аталмыш акция Қазақстанда 1996 жылдан бері өткізіліп келеді. Ал біздің ұлттық паркіміз «Қазақстан республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 маусымындағы № 382 қаулысымен жаңадан ашылуына байланысты бұл акцияны 2019  жылдан бері атап өтуде. Алайда халық басына төнген КОВИТ-19 індетінің салдарынан  бұл акцияны интернет желілері арқылы өткізуге мәжбүр болдық.

«Парктер шеруі - 2020» халықаралық табиғатты қорғау акциясының ғаламтор желілері арқылы өтетіндігі және өткізілу шарттары алдын ала ұлттық паркіміздің фейсбук, инстаграм желілеріне фото- және видео-материалдар түрінде жарнамаланды.

Наурыз айының 2-ші жұлдызы күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлеккеттік мекемесінде координациялық кеңес отырысы болып өтті.

Бұл кеңесте қаралған мәселелер - «Парктер шеруі – 2020» табиғатты қорғау акциясының дайындығы бойынша іс-шараларды талқылау, ақылдасу, акцияның жоспарын бекітуге дайындау.

«Парктер шеруі» халықаралық табиғатты қорғау акциясын өткізу ережесіне сәйкес «Парктер шеруі - 2020» халықаралық табиғатты қорғау акциясының іс-шараларын өткізу жоспары құрылды. Аталмыш жоспар «Құстар – біздің досымыз!» атты отбасылар сайысын, «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ мемлекеттік инспекторларының нұсқауымен ауылды және ауылдық әкімшілік мекемелерін көгалдандыру (Көшеттер отырғызу), «Табиғи сенбілік» (бұлақ көзін ашу, өзен жағалауларын тазалау), «Тұрмыстық қалдықтардан табиғи мүсіндер жасау» сайысын, Көркем-өнер шеберлерінің сайысын, «Жауқазындар күні», «Өскелең ұрпаққа аманат» атты тақырыпта Сиверс алмасының маңызы туралы сұхбат бейне-ролигін халыққа жолдауды қамтыды. Бұл акцияларға 300-ден астам адам қатысты.

Мамыр айының 19-ы күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ директорының 18.05.2020 ж. №52-Ө бұйрығы бойынша бекітілген комиссия мүшелері «Парктер шеруі – 2020» халықаралық табиғатты қорғау акциясын өткізу туралы ережеге сәйкес акцияға қатысқан оқушылардың еңбектерін дауысқа салу арқылы бағалап, жеңімпаздарды анықтады. Нәтижесінде әр іс-шара бойынша жүлделі орындар, әртүрлі номинациялар және белсенді жұмыс орындары анықталды.

«Құстар – біздің досымыз!» атты отбасылар сайысы бойынша:

Бас жүлде - Акылбекова Жібек

  • орын - Даулетұлы Омар
  • орын - Рашидов Алишер
  • орын - Болат Айым

Ерекше ұя номинациясы - Сарсебаев Қуаныш

Ең үздік ұя номинациясы – Сковордникова Марина

Көркем ұя номинациясы - Мағауия Мағжан

Ең жарқын ұя номинациясы - Алмисаев Нұрмұрат

Ең жас өркен номинациясы - Марат Асылхан

Ең жайлы ұя номинациясы - Сайлаухан Ерсін

Ең әдемі безендірілген ұя номинациясы - Дәулетұлы Омар

Ең креативті ұя номинациясы - Абсалямов Тоқтар

Белсенді қатысқаны үшін - Марат Ералы

Белсенді қатысқаны үшін - Серикханов Алинур

Белсенді қатысқаны үшін – Серікқан Ыбырай

Белсенді қатысқаны үшін – Бейімбет Ералы

Белсенді қатысқаны үшін – Мақсұт Әмірхан

«Тұрмыстық  қалдықтардан табиғи мүсіндер жасау» сайысы бойынша:

Бас жүлде – Слям Адай

  • орын - Бейсембекова Зейнеп
  • орын - Айзере Жанарбек
  • орын - Темирханова Аяулым

Ең мінсіз жұмыс номинация- Қайтбек Нұртай

Ең қызықты жұмыс номинациясы- Григоренко Елизавета

Белсенді қатысқаны үшін - Ақниет Жанарбек

Белсенді қатысқаны үшін - Темирханова Аяулым

Белсенді қатысқаны үшін – Алашханова Гүлім

Белсенді қатысқаны үшін –Айтмұрат Айжан

Белсенді қатысқаны үшін –Талғатқызы Парасат.

«Жауқазындар күні» акциясы бойынша:

Бас жүлде – Қасым Жұлдыз

  • орын – Асқар Сая
  • орын – Рысбек Сабина

3   орын – Рамазанова Нұрай

Ең үлгілі жұмыс номинациясы - Жанарбек Айзере

Ең тапқыр туынды номинациясы - Қанат Әмір

Ең жақсы туынды номинациясы- Кенжебек Ақнұр.

Ең тәжірибелі жұмыс номинациясы - Қасым Құндыз.

Белсенді қатысқаны үшін – Тұрсын Раяна

Белсенді қатысқаны үшін – Сердюкова Ангелина

Белсенді қатысқаны үшін - Тұрсын Айару

Көркем-өнер шеберлерінің сайысы. Қызыл кітап беттері:

Бас жүлде – Асқар Сая

  • орын - Хасенова Асем
  • орын - Сковордникова Кристина
  • орын - Жанабай Арна

Белсенді қатысқаны үшін - Роман Рави

«Үржар аумағының әдемі жерлері» сайысы бойынша:

Бас жүлде – Ұлықпан Ерсін

  • орын – Жанабай Ералы
  • орын – Даулетұлы Мұхаммед
  • орын – Омар Сезім

Ең белсенді жұмыс номинациясы - Серикханов Алинур

Белсенді қатысқаны үшін –Тұрсын Айару.

Жалпы қорытынды есеп бойынша бас жүлдені иеленіп «Парктер шеруі-2020» акциясына арнайы даярланған ауыспалы кубогін Келдімұрат ауылына қарасты «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі» жеңіп алды.

10.04.23 58 10.04.23 58

Жүлдегерлерді жариялап, марапаттау рәсімін халық басына төнген КОВИТ-19 індетінің үдеуі салдарынан салтанатты түрде атап өте алдмадық. Десек те, ұлттық парк мамандары жоғарыдағы конкурс жеңімпаздарын тұрғылықты жерлеріне барып, марапаттап қайттық. «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің атынан директордың ғылым жөніндегі орынбасары Н.Ә. Кудияров Бүкілқазақстандық акцияға барлықтарының бір кісідей қатысқандарына рахмет айтып, болашақта жеңімпаздар бұдан да үлкен жетістікке жетіп, жыл сайын белсене қатысатындарына сенім артып, алғыс білдірді. Қатысушылар өз ризашылықтарын білдіріп, келесі жылы өтетін «Парктер шеруі» акциясында жеңімпаз атанып, биіктерден көрінетіндіктеріне сенімді.

Экологиялық ағарту маманы-мемлекеттік инспектор: Ә.Т. Көбенова

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95