2020 жылдың сәуір айының 17-ші жұлдызы күні «Парктер шеруі – 2020» табиғатты қорғау акциясы аясында белгіленген «Бүкіл Қазақстандық ағаш отырғызу күні» іс-шарасы аталып өтті. Акцияның басты мақсаты - тұрғындарды табиғатты аялауға шақыру, ауылдарымыздың көгалдануына үлес қосу, ормандарды сақтау. Еліміздің басына төнген КОВИТ-19 індетінің салдарынан  бұл акцияны ауқымды түрде өткізе алмадық десек те, ұлттық паркіміздің мемлекеттік инспекторларының әрқайсысы жақсы көңіл-күймен ағаш отырғызу технологиясын сақтай отырып, тұрғылықты жерлеріндегі ауылдық округ әкімшілігі мен үйлердің аулаларына көшет отырғызу игі ісін жасады.

2020 жылдың сәуір айының 10-шы жұлдызында «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Парктер шеруі» атты халықаралық табиғатты қорғау акциясы бойынша «Желі сайыстарының» ашық екенін арнайы жариялады.

Парктер шеруінің басты мақсаты - ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың проблемаларына халықтың, жұртшылықтың, өскелең ұрпақтың, мемлекеттік билік органдарының, кәсіпкерлердің назарын аудару және қоршаған ортаны қорғауға қатысуға шақыру, патриотизмге тәрбиелеу, халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру болып табылады. Аталмыш акция Қазақстанда 1996 жылдан бері өткізіліп келеді. Ал біздің ұлттық паркіміз жаңадан ашылуына байланысты бұл акцияны 2019  жылдан бері атап өтуде.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95