Мамыр айының 21-і күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мамандары Үржар аудандық тарихи өлкетану мұражайында санитарлық сақтық шараларын сақтай отырып, «Парктер шеруі – 2021» халықаралық табиғатты қорғау акциясының жабылу салтанатын өткізді.
Нәтижесінде жүлдегерлер мен жетекшілер алғыс қағаздарымен, әрі сыйлықтармен марапатталды. Жалпы қорытынды есеп бойынша бас жүлдені иеленіп, «Парктер шеруі-2021» акциясына арнайы даярланған ауыспалы кубокті Үржар аудандық балалар шығармашылық үйі жеңіп алды.
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры А. Тоқымтаев Бүкілқазақстандық акцияға барлықтарының бір кісідей атсалыссқандарына рахмет айтып, болашақта жеңімпаздар бұдан да үлкен жетістікке жетіп, жыл сайын белсене қатысатындарына сенім артып, алғыс білдірді. Қатысушылар өз ризашылықтарын білдіріп, келесі жылы өтетін «Парктер шеруі» акциясында жеңімпаз атанып, биіктерден көрінетіндіктеріне сенімді.