«Парктер шеруі-2021» халықаралық табиғатты қорғау акциясының «Гүлдер күні. Әлемді гүлдермен көріктендіру» байқауының көрмесі өтті. Алқа мүшелері байқауға қатысқан оқушылардың еңбегімен танысып, өз ойларын айтып, талап бойынша тексеріп бағалады. Нәтижесінде байқаудың жүлдегерлері белгіленді.
6-11 жас аралығындағы мектеп оқушыларынан:
1 орын- Жетпіс Толғанай, «Тасбұлақ орта мектеп-балабақшасы» КММ
2 орын- Рамазан Аян, Үржар аудандық балалар шығармашылық үйі
2 орын- Каримова Айша, «Абылайхан атындағы орта мектеп-балабақшасы» КММ
2 орын- Рамазан Айкөркем, «Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ
3 орын- Қапашева Балжан, «Кішкенетау орта мектеп-бақшасы» КММ
3 орын- Асқарқызы Нұрай, «А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі» КММ
3 орын- Тоқай Нәрал, «Б.Сахариев атындағы орта мектеп» КММ
«Әдемі сурет» номинациясы- Ұлықпан Еркежан «Қаратұма орта мектеп-балабақшасы» КММ
Балабақшаның ересектер тобы мен даярлық топтан қатысқан балалар:
1 орын- Бағдатова Айлин, «Абылайхан атындағы орта мектеп-балабақшасы» КММ
мектеп алды даярлық тобы
2 орын- Төлеуғазы Бағым, «Балдырған» балабақшасы Үржар ауылы
2 орын- Муратбеков Альтемир, «Ер Төстік» балабақшасы Үржар ауылы
3 орын- Хасен Айзада, «Балдырған» балабақшасы Келдімұрат ауылы
3 орын- Надырбекова Зере, «Балауса» балабақшасы Үржар ауылы
Гүлдер күніне қатысып белсенділік танытқандарыңыз үшін Алғысымыз шексіз!
2 сәуір халықаралық жер күніне орай «Парктер шеруі-2021» акциясының аясында «Әлемді гүлдермен көріктендіру» тақырыбында байқау өтетіндігін хабарлаймыз❗
⠀Байқауға қойылатын талаптар:
ұлттық паркте өсетін гүлдерге байланысты А3 форматты қағазға түрлі-түсті қарындаштарымен, бояулармен, фломастерлермен сурет салу керек;
Байқауға 6-11 жас аралығындағы оқушылар және балабақшаның ересектер тобы қатыса алады;
байқауға қатысушы жасалған жұмысымен суретке түсіп, Instagram әлеуметтік желісінде өзінің жеке парақшасында «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің парақшасын белгілеп және #Тарбағатайгүлдері хэштегімен салу керек;
жасалған жұмыстарды ұлттық парк мекемесінің мекен-жайы: Үржар ауылы, Шынқожа батыр 70 бойынша 5 – 20 сәуір аралығына дейін тапсыру қажет.
❗Қатысушы жасалған жұмыспен бірге байқауға қатысуға арналған өтінішті толтырып өткізу керек.
⠀
8(722330)34446
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.