«Парктер шеруі - 2021» халықаралық табиғатты қорғау акциясының «Халықаралық құстар күні. Құстарға бірге көмек көрсетейік!» байқауының көрмесі жоспарланғандай өтті.

Алқа мүшелері байқауға атсалысқан оқушылардың еңбектерімен танысып, өз ойлары мен ұсыныстарын айтып, бағалап, нәтижесінде байқаудың жүлдегерлерін белгіледі:

1️⃣ орын – «Абай атындағы ОМБ» КММ оқушысы Әлібайұлы Қуат;⠀

2️⃣ орын – Үржар аудандық балалар шығармашылық үйінің оқушысы Амантай Әсемай;

2️⃣ орын – Үржар аудандық балалар шығармашылық үйінің оқушысы Құрманқалиева Қарақат;

3️⃣ орын – Үржар аудандық балалар шығармашылық үйінің оқушысы Жанарбек Ақниет;

3️⃣ орын – «Ә. Найманбай атындағы ОМ» КММ оқушысы Болат Айым;

«Белсенді қатысушы» номинациясы– «Науалы ОМ» КММ оқушысы Какенов Әмірғазы.

Құстар күніне арналған байқауға қатысып, белсенділік танытқандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!

❗Ескерту: қатарынан бірнеше байқауларға белсене қатысқан оқушылар «Белсене қатысқаны» үшін марапатталып, сыйлық беріледі.

❗Белсене қатысқан оқу мекемелері арасынан үздік мектепке ауыспалы «Парктер шеруі» кубогы табысталады.

10.04.23 96 10.04.23 96 10.04.23 96 10.04.23 96 10.04.23 96 10.04.23 96

«Парктер шеруі -2021» табиғатты қорғау акциясы және Халықаралық құстар күні аясында «Құстарға бірге көмектесейік!» Ұранымен тоғай арасына далалық іс-сапар өткізілді. Санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жағдайында тоғайға жақын орналасқан тек бір мектептің оқушылары таңдалды. Бақылау барысында «Абылай хан атындағы орта мектеп балабақшасы» КММ оқушылары @abylai_khan_scholl Үржар өңірін мекендейтін құстар түрлерімен танысты, Қазақстан құстарды анықтағыш кітабымен қалай қолдану керектігін білді.

Экскурсия аяқталғаннан кейін мемлекеттік инспекторлар құс ұяларын орнатты, орнитологтың сирек кездесетін кәсібі туралы айтты. Экскурсияны еске түсіру үшін оқушыларға Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында тұратын Қызыл кітапқа енетін құстар туралы естеліктер таратылды. 

 1- сәуір «Халықаралық Құстар күні» мерекесіне орай «Парктер шеруі-2021» акциясының аясында «Құстарға бірге көмек көрсетейік» тақырыбында байқау өтетіндігін хабарлаймыз❗️

Байқауға қойылатын талаптар:

 құстарға ұя және жемсауыттар әзірлеу;

Ұяшықтар мен жемсауыт көлемі: биіктігі-40 см, ені-30 см аспау керек. Ұяшықтар ағаш өнімдерінен жасалуы керек.

12-18 жас аралығындағы оқушылар қатыса алады;

 байқауға қатысушы жасалған жұмысымен суретке түсіп Instagram әлеуметтік желісінде өзінің жеке парақшасында «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің парақшасын белгілеп және  #Тарбағатайқұстары  хэштегімен салу керек;

 Жасалған жұмыстарды ұлттық парк мекемесінің мекен-жайы: Үржар ауылы, Шынқожа батыр №70  бойынша 26 наурыз -  1 сәуір аралығына дейін  тапсыру қажет.

10.04.23 96

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95