Сәуір айының 6-сы күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері Ақшоқы ауылының Тұрағұл Қоңыр орта мектебінің 7-8 сынып оқушыларымен «Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде «Білмектің кілті білім мен ғылымда» тақырбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында екі команда арасында табиғатқа байланысты сайыстар өтті.
1. Таныстыру. Команда аттарын таныстырып, команда ұранын айтты;
2. Ой-толғақ. Командалар презентация мен плакаттар дайындап, қазіргі таңдағы экологиялық проблемалар, оларды болдырмау, алдын алу туралы ой-пікірлерін ортаға салды.
3. Мың бір мақал. Табиғатқа қатысты мақал-мәтелдер айтып жарысты.
4. Жүз бір жұмбақ. Бір-біріне табиғатқа байланысты жұмбақтар қойып, шешуін тапты.
5. Эко-дизайнерлер. Әр команда балалары қалбыр, құмыра, кортон жәшік сияқты іске жарамсыз қалдықтарды сол сәтте безендіріп, формаға келтіріп, кәдеге жаратты.
6. Біз көңілді баламыз! Командалар құстарға байланысты әннен шашу шашып, алғыс қағаздармен марапатталды.
Біздің негізгі мақсатымыз: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, шығармашылық ізденіске баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және ұлттық парк пен мектеп арасындағы ынтымастықты арттыру. Осы мақсаттарды іске асыру барысында мектептермен көптеген игі істер атқару. Ашық сабақтар сондай еңбектеріміздің кілті. Дұрыс ұйымдастыралған, басқаға өнеге болатын ашық сабақтар өткізе алатын дәрежеге жете білу біздің парызымыз!