«Парктер шеруі-2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясының шеңберінде «Табиғат - тал бесігің, аялай біл!» атты сенбілік ұйымдастырылды!
Бүгін 13 сәуір Үржар ауданының әкімі Н.Тоқсеитовтың бастамасымен Үржар ауылы бойынша сенбілік өтті. Аталған шараға «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, жергілікті атқарушы ұйымдарының қызметкерлері, мектеп оқушылары және Үржар ауылының тұрғындары қатысты.
Бабалар- табиғатты аялаған,
Малын бағып, бауырын саялаған.
Табиғатты “Анам” деп ардақ тұтып,
Қамқорлығын ешқашан аямаған.
Ауылымызды гүлдендіріп, көшелерімізді көркейтеміз десек, санитарлық тазалықты өзімізден бастағанымыз жөн болар.
Туған өлкенің тазалығын қадағалау әрбір тұрғынның азаматтық парызы екенін естен шығармайық!
Рекреация және туризм инженері - Дәулет Тоқтасынұлы.