Бүгін 24-сәуір күні ЭАРТ бөлімінің қызметкерлері Абылай хан орта мектеп-бақшасының тәрбиеленушілеріне «Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде «Табиғат балалардың көзімен» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақ барысында ЭАРТ бөлімінің қызметкерлері өз қолдарымен дайындап, дыбыстаған мультфильмді тәрбиеленуші балалардың назарына ұсынды.
Содан кейін табиғатты қорғау туралы қосымша қарапайым тілде әңгімелесу өткізілді. Тәрбиеленушілердің кішкентай болса да, бір-бірінен қалыспай түсінгендерін айтқанына риза болдық!
Әңгімелесуден соң балақайлар ЭАРТ бөлімінің қызметкерлеріне өз өнерлерін көрсетіп, би билеп беріп, Абылай хан орта мектеп-бақшасы ұлттық парк директорының алғыс хатымен марапатталды.