«Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде ЭАРТ бөлімінің ұйымдастыруымен Үржар ауылының «Ер Төстік» балабақшасында «Табиғат - біздің анамыз, Біз табиғатқа панамыз!» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті.
Бұл тәрбие сағатының бір ерекшелігі –1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай балабақша тәрбиеленушілері әр ұлттың киімін киіп, сол елдің биін билеп, концерттік бағдарлама көрсетіп, керемет белсенділік танытты.
Концерттік бағдарламадан кейін тәрбиеленуші балалар ЭАРТ бөлімінің қызметкерлерінің өз қолдарымен дайындап, дыбыстаған мультфильмін тамашалады. Соңынан ЭАРТ бөлімінің қызметкерлері мультфильмнің желісі бойынша балақайлармен сұрақ-жауап алмасып, экологиялық көзқарастарының жақсы жағынан қалыптасуына ықпал етті.
Тәрбие сағатына белсене атсалысқан «Ер Төстік» балабақшасы ұлттық парк директорының алғыс хатымен марапатталды.