Су - Жер бетіндегі маңызды заттардың бірі. Су тіршілік көзі, сусыз өмір жоқ. Судың біздің планетамыздағы тіршілік көзі болып табылуға мүмкіндік беретін, ерекше қасиеттері бар. Қазіргі кезде табиғи сулардың ластану салдарын жою және тазалығын сақтау мәселелері ерекше маңызды болып тұр.
Бүгін, мамыр айының 5-і күні ЭАРТ бөлімінің ұйымдастыруымен ұлттық парк қызметкерлері «Таза өзен, таза жағалау» эко акциясын өткізді.
Акцияның мақсаты – өзен жағасын тазалау және санитарлық тәртіпті сақтау, сондай-ақ қоршаған ортаға қамқорлық танытуды дәріптеу. Бұл экологиялық акцияны ұйымдастыра отырып, біз Үржар өзендерінің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесімізді қосқымыз келеді. Акция аясында өзен жағасын тазарту жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде пластик, әйнек, қағаз және металл қоқыстарды жиналды. Барлық жиналған 0,2 кг қоқыс арнайы қоқыс полигонына шығарылды. Бұл акцияны біз жыл сайын «Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясына міндетті түрде қосып өткіземіз. Акция туған жерімізге пайдасын тигізді. Қоршаған ортаны қорғау – біздің басты міндеттеріміздің бірі.