15-мамыр күні ЭАРТ бөлімінің қызметкерлері «Парктер шеруі – 2023» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде «Туған жерге тағзым» экологиялық акциясын өткізді. Абылайхан орта мектеп-бақшасының Жас орманшылар одағын «Қарабас» туристік маршрутына экскурсияға апарды.
Оқушылар аудан орталығынан 110 км қашықтықта орналасқан, теңіз деңгейінен 1500 м биіктіктегі Қарабас тауына бірінші рет барып отырғандарын жасырмады. Маршруттың басынан соңына дейін 9 км құрайды. Жас орманшылар сол маршрут бойындағы тау шыңында орналасқан ІІХК мөрін өз көздерімен көріп, тарихын тыңдады. Артынша тау бөктерінде орналасқан петроглифтерге қарай жол тартып, ол жерде петроглифтер мен Қарабас тауы туралы аңызға қанық болды.
Жас орманшылардың жүздерінен шаршаңқылық байқалса да, біріңғай киім үлгісін киіп, ұлттық парк қызметкерлерімен бірге фотоға түсіп қайтты.
Аталмыш акцияға 25 адам қатысты.
Экологиялық ағарту инженері Ә.Көбенова