«Бірлік болмай тірлік болмас!» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше.
Бүгінде «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетілді.
Аталмыш шеруге «Тарбағатай» МҰТП» Экологиялық ағарту рекреация және туризм бөлімі және Табиғи кешендер мен объектілерді қорғау бөлімінің қызметкерлері белсене атсалысты.
Мерекенің сонында Экологиялық ағарту бөлімінің мамандары осындай айтулы күнде жастар орталығымен бірге етене қарым-қатынас жасап сыйластық танытқаны үшін «Абай облысы Үржар ауданының жастар ресурстық орталығының» директоры Ф.Кадыровтын Алғас хаттарымен марапатталды.