18 мамыр күні Халықаралық мұражай күніне орай «Парктер шеруі – 2023» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде мектеп оқушылары арасында «Жас ақындар үнімен, Табиғатты қорғайық бүгіннен!» атты ақындар байқауы ЭАРТ бөлімінің ұйымдастыруымен өтті.
Байқауға қойылған талап: Ұлттық парк учаскелеріне қарасты Тарбағатай тауы, Қарабас тауы, «Әлет» ботаникалық бағы, т.б. жайында аңыз-әңгіме ойластыру немесе өлең шығару болатын.
Мақсаты: Жас ақындардың сөз байлығын дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру, туған жерінің табиғатына деген сүйіспеншілігін ояту.
Мүшайраға 21 жас ақын өлең, аңыз, эссе, прозаларды есептегенде 23 шығарма ұсынды. Құрамы 5 адамнан тұратын қазылар алқасы ақындардың өлеңдеріне төрелік етті:
Бас жүлде – Тасбұлақ ОМБ 9-сынып оқушысы Д.Қажыкенова;
1 орын – «Сыр сандық» ақындар мектебінің 8 жасар шәкірті Аят Асланұлы;
2 орын – Абылайхан ОМБ 9-сынып оқушысы А.Қанат;
3 орын – Ақсуат ауданы, Өкпеті ОМ 8-сынып оқушысы Г.Асқарқызы.
Жас ақындар мүшайрасына жалпы саны 60 адам қатысты.