Мамыр айының 17-сі күні Үржар аудандық стадионында «Парктер шеруі – 2023» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде ЭАРТ бөлімінің ұйымдастыруымен «Халықаралық отбасы күніне» байланысты «Эко-десант» отбасылық спорттық сайысы болып өтті. Спорттық сайысқа Үржар ауылының мектептері бойынша 5 отбасы қатысты.

Бұл сайыстың мақсаты: 

  • оқушылар мен ата-аналарға адам денсаулығына қоршаған ортаның ластануы кері әсер ететінін түсіндіру;
  • жұртшылықтың санасына айналамызды таза ұстау отбасы тәрбиесінен бастау алатынын қалыптастыру;
  • салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.  
  • оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты,  денсаулығы зор,  күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру; 

Конкурс нәтижесі:

1 орын – Абылайхан ОМБ;

2 орын – Тұрлыханов ОМБ

3 орын – Б.Момышұлы ОМБ

«Ынтымағы жарасқан отбасы» номинациясы – Садығұловтар отбасына;

«Өнегелі отбасы» номинациясы – Тоқтасынұлы отбасына;

«Мейірімді отбасы» номинациясы – Ақжігітовтар отбасына берілді.

Қатысушылар саны: 114 адам.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95