2024 жылдың 10 маусымы күні «Тарбағатай» ұлттық паркі ғимаратында Үйлестіру кеңесінің 3-ші отырысы өтті.
Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері отырысқа қатысушыларға «Парктер шеруі - 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясының есебін баяндады. Сондай-ақ, отырыс барысында экологиялық акцияда қамтылған іс-шаралар түгелдей талқыланды.
Баспасөз хатшысы Әсем Көбенова.