2025 жылдың наурыз айының 12-сі күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ғимаратында директор орынбасарының м.а., заңгер Н.Дүйсекеновтың төрағалығымен «Парктер шеруі – 2025» Халықаралық табиғатты қорғау акциясының жоспарын талқылау» тақырыбында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Үйлестіру кеңесіне Үржар аудандық музейінің қызметкері, Жас орманшылар одағының 3 тәлімгері және ұлттық парктің қызметкерлері қатысты.
Кеңес барысында алқа мүшелері жоспар мен іс-шараларды өткізу жолдарын талқылап, өз ұсыныстарын айтып, айтылған ұсыныстар бойынша жоспарға толықтырулар енгізілетін болды.
Экологиялық ағарту инженері: Ә.Көбенова.