2026 жылғы 4 ақпан күні Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі республикалық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелеріне арналған жиын өтті.
 

Іс-шара барысында мекеме директорының орынбасары міндетін уақытша атқарушы Дүйсекенов Нұрлан Акашевич мекеме қызметкерлерін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылатын жұмыстармен таныстырып, бұл бағыттағы шараларды тиісті деңгейде жүргізудің маңыздылығына тоқталды.

Жиын барысында қызметкерлерге заң талаптарын сақтау, қызметтік әдеп нормаларын ұстану, ашықтық пен адалдық қағидаттарын басшылыққа алу қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, мекеме қызметінде туындауы мүмкін тәуекелдерді анықтау және олардың алдын алу жолдары қарастырылды.

Аталған кездесу ұжым арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, жауапкершілікті арттыруға және қызмет сапасын жақсартуға бағытталды.
Обсуждены меры по предупреждению коррупционных рисков

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95