2026 жылғы 23 ақпан күні «Amanat» партиясының ғимаратында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды талқылауға арналған кеңейтілген жиналыс өтті. Жиынға «Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-нің мемлекеттік инспекторлары мен жауапты қызметкерлері қатысты.

Кеңейтілген жиналыс Директор орынбасарының міндетін атқарушы, заңгер Н. Дүйсекеновтің төрағалығымен өтті.

Жиналыс барысында ұсынылып отырған конституциялық түзетулердің құқықтық негіздері мен олардың мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі маңызы жан-жақты талқыланды. Өзгерістердің заң үстемдігін нығайтуға, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыруға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғаны атап өтілді.

Қатысушыларға Конституцияға енгізілетін өзгерістердің мазмұны мен іске асыру тетіктері түсіндіріліп, олардың мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметіне ықпалы сараланды. Конституциялық нормаларды мүлтіксіз сақтау – әрбір мемлекеттік қызметшінің тікелей міндеті екені ерекше айтылды.

Сонымен қатар, күн тәртібінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және құқық бұзушылық әрекеттерге жол бермеу мәселелері қаралды. Мемлекеттік қызметшілердің қызмет барысында да, жұмыстан тыс уақытта да заң талаптарын сақтауы – қоғам сенімінің негізгі кепілі екені баса айтылды.

Жиында әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударылып, заң талаптарын бұзу тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатыны ескертілді. Қарамағындағы қызметкерлермен жұмыс жүргізу кезінде басқарушылық мәдениетті сақтау, ішкі бақылауды күшейту және талап қою тетіктерін заң шеңберінде жүзеге асыру қажеттігі айтылды.

Кеңейтілген жиналыс барысында пікір алмасу ұйымдастырылып, қатысушылар өз ұсыныстарын ортаға салды. Конституциялық реформалардың ел дамуының жаңа кезеңіндегі стратегиялық маңызы атап өтілді.

Жиын қорытындысы бойынша құқықтық сауаттылықты арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстарды жүйелі жүргізу, қызметтік тәртіпті нығайту және Конституция талаптарын күнделікті қызметте басшылыққа алу жөнінде нақты міндеттер белгіленді.

 

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95