2026 жылғы 16–27 наурыз аралығында «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Мақаншы», «Үржар», «Бақты», «Қарабұйрат» орманшылықтарының мемлекеттік инспекторларының қатысуымен мектеп оқушылары арасында «Құстар қайта оралды!» атты экологиялық акция өткізілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, құстар популяциясын сақтау және өскелең ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру болып табылады.
Акция барысында 6 мектептен 60 оқушы қатысып, өз қолдарымен 90 дана құс ұясын жасап, оларды мектеп аулалары мен саябақтарға орналастырды. Бұл жұмыстар жыл құстарының ұя салуына қолайлы жағдай жасап, олардың санын арттыруға оң әсерін тигізеді.
Сонымен қатар, іс-шара аясында оқушыларға құстарды қорғаудың маңыздылығы, биоалуантүрлілікті сақтау және табиғатқа ұқыпты қарау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ұйымдастырылған акция табиғатты қорғау бағытындағы маңызды бастамалардың бірі ретінде өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосты.
Мәтін авторы: Экологиялық ағарту инженері: Ә.Көбенова.
Фотоға түсірген; Баспасөз хатшысы: Е.Жумагалиев.













