🔹2026 жылғы 1 сәуір күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-нің ұйымдастыруымен Үржар ауданының орталық алаңында «Парктер шеруі – 2026» халықаралық табиғатты қорғау акциясы ауқымды түрде аталып өтті.
🔸Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа деген жанашырлықты арттыру және жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Акцияға Жас орманшылықтар одағының мүшелері, сондай-ақ аудан және ауыл мектептерінің оқушылары белсене қатысып, жалпы қатысушылар саны 550 адамды құрады.
🔹Салтанатты шара «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры Серкебаев Айдын Серікұлы мен Үржар ауданы әкімінің орынбасары Сеильгазин Ермек Нұрланұлының құттықтау сөздерімен ашылды. Олар өз сөздерінде табиғатты қорғаудың маңыздылығын атап өтіп, жас буынның экологиялық бастамаларға белсенді қатысуының қоғам үшін аса маңызды екенін жеткізді.
🔸Іс-шара барысында оқушылар мен жастар табиғатты қорғауға бағытталған концерттік бағдарламалар ұйымдастырды. Шара соңында өнер көрсеткен оқушылар «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі директорының алғыс хаттарымен марапатталды.
🔹Экологиялық акция аясында «Құстар қайта оралды!» атты байқау өткізіліп, көрме барысында қатысушылардың белсенділігі мен шығармашылық қабілеттері әділ қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей анықталды:
• Бас жүлде – Б.Момышұлы атындағы мектептің 8 «А» сынып оқушысы Әділұлы Дарын;
• І орын – Абылайхан ОМБ-ның 5 «А» сынып оқушысы Қаирхан Ералы;
• ІІ орын – жанында интернаты бар М.Хасенов атындағы мектептің 7 «А» сынып оқушысы Ануарбек Алихан;
• ІІІ орын – Абай ОМБ-ның 7 «Б» сынып оқушысы Төлеуғазы Райымбек.
🔸«Парктер шеруі – 2026» акциясы табиғатты қорғау бағытындағы маңызды шаралардың бірі ретінде жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Бұл бастама қоршаған ортаны аялауға бағытталған игі дәстүрдің жалғасын табатынын көрсетті.
📹 ✍️ Экологиялық ағарту инженері: Ә.Көбенова.













