Сәуір айының 2-сі күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің қызметкерлері «Парктер шеруі – 2026» халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында маңызды іс-шара өткізді.
Жоғарғы Егінсу ауылының «Егінсу орта мектеп-бақшасы» КММ-нің 6–7 сынып оқушыларына (жалпы саны – 33) «Жауқазындар күні» тақырыбында семинар-сабақ ұйымдастырылды.
Семинар барысында мамандар бұл күннің маңызы туралы кеңінен ақпарат беріп, оқушыларға табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, ақпараттық бүктемелер таратылды.
Іс-шара соңында оқушылар қоршаған ортаны қорғау тақырыбында постерлер дайындап, өз ойларымен бөлісті. 🌿
Табиғатты бірге қорғайық! 💚
📹 📸 Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі.
#парктершеруі2026
#орманшаруашылығы
#тарбағатаймұтп
#табиғатқорғауқызметкерлері













