☘️ 2026 жылдың 3 сәуірі күні “Тарбағатай” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторлары мен Мектеп жанындағы интернаты бар М.Хасенов атындағы Бестерек орта мектебі оқушыларымен және ұстаздарымен бірлесіп маңызды экологиялық шара өткізді. Аталған іс-шара “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы мен “Парктер шеруі – 2026” Халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында ұйымдастырылды.
☘️ “Таза табиғат” атауымен өткен бұл акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру және жас ұрпақтың экологиялық сауаттылығын арттыру болды. Шара барысында қатысушылар мектеп ауласы мен оның маңайын қоқыстан тазалап, табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
☘️ Акцияға жалпы саны 68 адам қатысып, әрқайсысы туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлесін қосты. Оқушылар табиғатты қорғау – тек бір күндік жұмыс емес, ол әр азаматтың күнделікті міндеті екенін түсінді.
📹✍️ Экологиялық ағарту инженері: Ә.Көбенова.













