📅 2026 жылғы 4 сәуір күні “Тарбағатай” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері мен мемлекеттік инспекторлары “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы және “Парктер шеруі - 2026” Халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында “Тазалық – ортақ жауапкершілік!” атты сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды.
⚜️ Аталған шара директор орынбасарының м.а. Смаилов Рауан Серікбайұлының жетекшілігімен өтті.
🧹 Сенбілік барысында Үржар аудан орталығында тазалық жұмыстары жүргізіліп, табиғи орта қоқыстан тазартылды.
🚜 Жиналған қоқыстар ұлттық парк техникасымен арнайы қоқыс полигонына шығарылды. Бұл жұмыстар табиғатқа келтірілетін зиянды азайтып, аймақтың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталды.
💚 Сенбілікке жалпы саны 25 адам қатысып, тазалық – әр азаматтың ортақ міндеті екені тағы бір мәрте дәлелденді.
📹✍️ Биолог-мемлекеттік инспектор: А.Долдашева.













