🟢 “Тарбағатай” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің “Құлынжон” мемлекеттік қаумалының инспекторлары №1 Самар орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гебель Лариса Климентьевнаның ұйымдастыруымен өткен “Жылжымалы киіз үй” жобасына белсене қатысты. Аталған шара “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
🟢 Жоба барысында ауыл тұрғындары мен жастарға арналған мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынылып, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін қолөнер көрмелері ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қатысушылар арасында ұлттық ойындар ойнатылып, дәстүр мен табиғатты ұштастырған тағылымды іс-шара өтті.
🟢 Шараның негізгі бөлігінде “Таза өлке – киелі мекен!” тақырыбында экологиялық акция ұйымдастырылып, ауыл аумағы қоқыстан тазартылды. Бұл бастама табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттырып, қоршаған ортаны аялаудың маңызын кеңінен насихаттады.
🟢 Экологиялық акцияға жалпы саны 50 адам қатысып, олардың қатарында мемлекеттік инспекторлар, еріктілер, ауыл тұрғындары, оқушылар мен мұғалімдер болды. Барлығы бірлесіп, туған жердің тазалығына үлес қосты.
🟢 Іс-шараға қатысқан “Құлынжон” мемлекеттік қаумалының инспекторлары табиғатты қорғау – әрбір азаматтың парызы екенін атап өтіп, мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдірді.
 
📸 🖊️ “Құлынжон” мемлекеттік қаумалының инспекторы: Ботабаев Қанат Мұратұлы.
 

 

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95