2026 жылғы 8 сәуір күні “Тарбағатай” мемлекеттік (зоологиялық) қаумалының орман шебері А.Өтешов пен мемлекеттік инспекторлары ШҚО Зайсан қалалық әкімдігі және Ю.Гагарин атындағы орта мектеп оқушыларымен бірлесіп «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын ұйымдастырды.
Аталған шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, қала тазалығын сақтау, көгалдандыру және жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру болды.
Акция барысында қатысушылар қала аумағын қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық орындарды ретке келтірді.
Сонымен қатар, мектеп ауласында көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылып, 25 түп шырша көшеті отырғызылды. Бұл игі іс-шара табиғатты қорғауға бағытталған нақты қадамдардың бірі болып табылады.
Экологиялық акцияға қатысушылар табиғатты аялаудың маңыздылығын түсініп, қоршаған ортаға жанашырлықпен қараудың үлгісін көрсетті. Осындай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Баспасөз хатшысының у.м.а.
Көбенова Ә.













