2026 жылдың 9 сәуірі күні Абылайхан атындағы орта мектеп-бақшасының 3-сынып оқушылары маңызды экологиялық бастамаға белсенді түрде атсалысты. Оқушылар “Тарбағатай” МҰТП қызметкерлерінің қатысуымен экокәдесыйлар көрмесін ұйымдастырып, «Парктер шеруі» Халықаралық табиғатты қорғау акциясына өз үлестерін қосты.
Көрмеге қойылған экокәдесыйлар табиғи және қайта өңделетін материалдардан жасалып, оқушылардың шығармашылығы мен экологиялық ойлау қабілетін айқын көрсетті.
Балалар өз кезегінде белсенділік танытып, сұрақтар қойып, экология тақырыбында ой-пікірлерімен бөлісті.
Аталмыш көрме оқушылар үшін тағылымы мол, әсерлі әрі пайдалы шара болды.
Аңшылықтанушы: Б.Нұршайықов.













