2026 жылдың 6–9 сәуірі аралығында өткен “Егер мен табиғат қорғаушысы болсам…” атты шығармашылық байқауы өз мәресіне жетті. Табиғатты қорғау тақырыбын кеңінен насихаттауға бағытталған бұл сайысқа мектеп оқушылары белсенді қатысып, өздерінің тың идеялары мен креативті жобаларын ұсынды.
Байқау нәтижелері тәуелсіз әрі әділ қазылар алқасының шешімімен анықталды:
Бас жүлде - Көктерек ОМБ 10 сынып оқушысы Серікқажы Ақбота;
1 орын - Б.Момышұлы ОМБ 10 “А” сынып оқушысы Алишерова Жансая;
2 орын - Абылайхан ОМБ 10 “ Б” сынып оқушысы Құсайын Айзере;
2 орын - Абай ОМБ 9 “В” сынып оқушысы Сейіл Сағыныш;
3 орын - Абылайхан ОМБ 10 “Б” сынып оқушысы Қайратқызы Нұрайым;
3 орын - Абылайхан ОМБ 10 “В” сынып оқушысы Талғат Ақнұр;
* Креативті ЖИ номинациясы - Б.Момышұлы ОМБ 9 “В” сынып оқушысы Сержан Ақмарал;
* Үздік анимациялы ЖИ номинациясы - Абылайхан ОМБ 9 “А” сынып оқушысы Қанатова Жансұлу.
Байқау қатысушылары табиғатты қорғау мәселесіне бейжай қарамай, өз ойларын шығармашылық тұрғыда жеткізе білді. Бұл – жас ұрпақтың экологиялық сана-сезімінің қалыптасып келе жатқанын көрсететін маңызды көрсеткіш.
Жеңімпаздарды құттықтай отырып, олардың алдағы уақытта да осындай байқауларға белсене қатысатынына сенім білдіреміз!
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі “Парктер шеруі – 2026” Халықаралық табиғатты қорғау акциясының жабылу салтанатында өтетінін хабарлаймыз.
Экологиялық ағарту инженері: Көбенова Ә.













