2026 жылғы 10 сәуір күні сағат 09:00-де Самар ауданы әкімдігі ғимаратында 2026 жылға арналған төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды болдырмау жөніндегі аудандық жиын өтті. Аталған отырыс аудан аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын күшейту мақсатында ұйымдастырылды.
 
Жиынға Самар ауданына қарасты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың өкілдері қатысты. Сонымен қатар “Құлынжон” қаумалының мемлекеттік инспекторлары Қ.Ботабаев пен Ю.Шутов арнайы шақырылып, табиғатты қорғау және өрт қауіпсіздігін сақтау бағытындағы жұмыстар туралы өз ойларымен бөлісті.
 
Күн тәртібінде орман және дала өрттерінің алдын алу мәселесі қаралып, төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету алгоритмдері талқыланды. Жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, қауіп-қатердің алдын алу бағытында бірлескен жұмысты күшейту қажеттігі атап өтілді.
 
Жиын барысында төтенше жағдайлардың алдын алу тек тиісті органдардың ғана емес, жалпы қоғамның ортақ міндеті екені атап өтілді. Осыған байланысты тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қауіпсіздік ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылды.
 
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, алдағы кезеңге арналған нақты іс-шаралар жоспары бекітілді.
 
 
 Баспасөз хатшысының у.м.а. 
Көбенова Ә.

 

 

 

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95