2026 жылғы 15 сәуірде ұлттық парк қызметкерлері “Әлет” туристік маршрутын алдағы туристік маусымға дайындау мақсатында кешенді абаттандыру және тазалық жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында маршрут бойы толықтай тексеріліп, демалушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінді.
 
 Келушілердің демалысын жайлы ету үшін маршрут бойына жаңадан 4 контейнерлер жинағы орнатылып, қалдықтарды дұрыс жинау мүмкіндігі жасалды. Бұдан бөлек, туристердің тынығып, табиғатты тамашалауы үшін 5 жаңа орындық қойылды.
 
 Аталған жұмыстар туристік маршруттың тартымдылығын арттырып қана қоймай, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға да ықпал етеді. Ұлттық парк қызметкерлері алдағы уақытта да маршруттардың жағдайын тұрақты бақылауда ұстап, оларды жақсарту бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.
 

 
 Баспасөз хатшысының у.м.а. Көбенова Ә.
 

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95