2026 жылдың 15 сәуірі күні Қарабұйрат орманшылығында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, ұлттық парк аумағының тазалығын сақтау және табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру.
Сенбілік барысында орманшылық басшысының көмекшісі Б.Чокаев пен мемлекеттік инспекторлар “Әлемді” туристік маршруты бойында тазалық жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, қоқыстар жиналып, арнайы орындарға шығарылды. Сонымен қатар, туристерге арналған ақпараттық баннерлер жаңартылып, табиғатты қорғауға шақыратын үндеулер орналастырылды.
Шараға қатысушылар табиғатты аялау – әр азаматтың міндеті екенін атап өтіп, мұндай игі істердің тұрақты түрде жалғасатынын жеткізді.
Ұлттық парк аумағының тазалығы тек қызметкерлердің ғана емес, сонымен қатар келушілердің де мәдениеті мен жауапкершілігіне байланысты екені ерекше айтылды.
Осындай сенбіліктер экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, жастарды табиғатты қорғауға тәрбиелеуге және туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыруға зор үлес қосады.
Табиғатты таза сақтау – болашақ ұрпақ алдындағы ортақ парызымыз!
Мемлекеттік инспектор: Заман Бегешев.













