2026 жылдың 16 сәуірі күні Мақаншы орманшылығының орман шебері А.Батырбаев пен мемлекеттік инспекторлар Қаратұма орта мектеп-бақшасының 7–8 сынып оқушыларымен бірлесіп, “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы және “Парктер шеруі – 2026” халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында “Табиғатты бағала – болашақты сақта!” ұранымен экологиялық акция өткізді.
 
Акция барысында оқушылар мен орман шаруашылығы қызметкерлері мектеп ауласы мен стадионында тазалық жұмыстарын жүргізіп, тұрмыстық қалдықтарды жинап, белгіленген орындарға шығарды. Сонымен қатар, қатысушыларға табиғатты қорғаудың маңызы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қоршаған ортаны аялауға бағытталған әңгімелер ұйымдастырылды.
 
Оқушылар табиғатты қорғау – әрбір азаматтың парызы екенін түсініп, өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін көрсетті. Мұндай шаралар олардың экологиялық сауаттылығын арттырып, туған жерге деген жанашырлық сезімдерін нығайтады.
 
Акцияға жалпы саны 30 адам қатысты.
 
Осындай игі бастамалар табиғатты сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға және болашақ ұрпаққа таза әрі көрікті табиғи мұра қалдыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
 
 Мемлекеттік инспектор: Абсалямов М.
 
 

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95