2026 жылдың 15 сәуірі күні Үржар орманшылығының мемлекеттік инспекторы Ж. Қабденов ұлттық парк аумағынан аққуларды фотоға түсірді.
Аққулар – табиғаттың көркі ғана емес, экожүйенің тазалығы мен тұрақтылығының белгісі. Олардың бұл аймақта мекендеуі табиғи жағдайдың қолайлы екенін көрсетеді.
Биоалуантүрлілікті сақтау – басты міндеттердің бірі. Осыған байланысты аң-құс аулауға қатаң тыйым салынғанын еске саламыз. Табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі.
Табиғатты тамашалап, оны қорғауға бірге атсалысайық!
✍️ Баспасөз хатшысының у.м.а.
Көбенова Ә.













