🌿 2026 жылдың 18 сәуірі күні Үржар аудандық және ауылдық әкімдігімен бірлесіп “Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні” экологиялық акциясы аталып өтті.
🌿 Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі директорының м.а. Р.Смаиловтың бастамасымен тұқымбақтан 200 түп терек көшеті бөлініп, ұлттық парк техникасымен Ақжар ауылына жеткізіліп, отырғызылды.
🌿 Аталған шараға орман шаруашылығы қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган өкілдері белсенді қатысты.
🌿 Экологиялық акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді көгалдандыру және халықтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру. Мұндай игі бастамалар өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға, сондай-ақ жасыл желек қорын көбейтуге өз үлесін қосады.
🌿 Отырғызылған көшеттердің жерсінуі мен әрі қарай өсуі тұрақты бақылауға алынып, тиісті күтім жұмыстары жүргізілетін болады.
 
📷 ✍️ Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлім басшысының у.м.а. Р.Қабсаметов
 
 
#тазақазақстан 
#парктершеруі2026 
#орманшаруашылығы 
#табиғатқорғауқызметкерлері

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95