2026 жылдың 22 сәуірі күні ҒАЭМ бөлімінің қызметкерлері Ақшоқы ауылының «Тұрағыл Қоңыр атындағы орта мектеп бақшасы» КММ-де 7–9 сынып оқушыларына арналған «Халықаралық Жер күні» экологиялық акциясы аясында танымдық дәріс сабақ өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты — жас ұрпақтың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру, табиғатты аялауға тәрбиелеу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Дәріс барысында оқушылар табиғатты қорғау, жер ресурстарын тиімді пайдалану, экологиялық мәселелердің алдын алу жолдары туралы кеңінен ақпарат алды. Сонымен қатар, қатысушылар 4 топқа бөлініп, өз ойларын ортаға салды. Әр топ ақ қағазға қоршаған ортаны қорғау туралы пікірлерін, ұсыныстарын жазып, оны көпшілік алдында қорғады.
Бұл жұмыс оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, олардың ой еркіндігін, топта жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге ықпал етті.
Шараға жалпы саны 30 оқушы қатысты. Іс-шара соңында оқушылар табиғатты қорғау — әрбір адамның азаматтық борышы екендігін түсініп, қоршаған ортаны сақтауға өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін білдірді.
Баспасөз хатшысының у.м.а. Ә.Көбенова













