2026 жылдың 22 сәуірі күні «Абылайхан ОМБ» КММ-нің 7-сынып оқушылары мен «Тарбағатай» МҰТП РММ-нің мемлекеттік инспекторлары бірлесіп «Бұлақ көрсең, көзін аш!» атты экологиялық акция өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты — табиғи су көздерін қорғау, бұлақтардың көзін ашу арқылы қоршаған ортаны таза ұстауға үлес қосу және жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру.
Акция барысында қатысушылар табиғат аясында жұмыс жүргізіп, бұлақ көздерін тазалау, айналасын қоқыстан арылту жұмыстарын атқарды. Мемлекеттік инспекторлар табиғатты қорғаудың маңыздылығын атап өтіп, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақырды.
Шараға белсенді қатысқан оқушылар табиғатты қорғау — әр адамның міндеті екенін түсініп, мұндай игі бастамалардың маңыздылығын сезінді. Акция барысында оқушылар ұйымшылдық танытып, ортақ іске өз үлестерін қосты.
Жалпы саны 21 адам қатысқан бұл шара табиғатты қорғауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.
Мәтін авторы: Экскурсия жетекшісі: Ж.Сакиева;
Видео авторы: Экологиялық ағарту инженері: Ә.Көбенова













